astana-view

Астана қаласы «Көлік және коммуникациялар колледжі» РМҚК қайта құру туралы сұратым

2018 жылғы 27 Тамыз
11318 просмотров

 Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында Астана қаласы білім беру басқармасының «Көлік және коммуникациялар колледжі» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнын Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының көлік және коммуникациялық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру туралы сұратым жарияланды.

 Орналасу орны – Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Конституция көшесі, 20

 Қызмет ету ауқымы: Астана қаласының әкімшілік-территориялық шекарасы шеңберінде.

Құрылтайшы: Астана қаласының әкімдігі.

 Төменде Астана қаласы білім беру басқармасының «Көлік және коммуникациялар колледжі» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнын Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының көлік және коммуникациялық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру туралы ақпарат көрсетілген.

 2 колледжді бір колледжге біріктіру арқылы қайта құру тиміді басқару, ұйымның қаржылық дербестігі, материалдық-техникалық базаны нығайту, бюджет қаражатын үнемдеу, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметтерін дамытуды көздейтін білім беру және тәжірибелік үдерісті жетілдірудің тамаша мүмкіндігіне негізделген.

 Қызмет көрсету түрлері:

1) мемлекеттік лицензия негізінде күндізгі немесе сырттай оқу түріндегі техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және / немесе ақылы негізде мамандарды даярлау;

2) мемлекеттік лицензия негізінде күндізгі немесе сырттай оқу түріндегі «қолданбалы бакалавр» біліктілігін беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және / немесе ақылы негізде мамандарды даярлау;

3) техникалық және еңбек қызмет көрсетудің жаппай мамандықтары бойынша мамандарды дайындау;

4) техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және / немесе ақылы негізде орта білім бар мамандарды кәсіби дайындау, қайта дайындау мен біліктілікті арттыру;

5) күрделі (бір-бірімен байланысты) мамандықтар мен жоғары технологиялар мен кәсіби қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларында жұмыстарды атқарудың практикалық машықтарын дайындау мен игеру;

6) экономиканың барлық салаларында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын ұйымдастыру мен жетілдіру, халықаралық жаһандық коммунаикациялық желілерге шығу;

7) мәдени-бұқаралық және мәдени-ағартушылық іс-шараларды өткізу;

8) ғылыми білімді тарату мен насихаттау;

9) оқу және әдістемелік оқу-құралдары, оның ішінде электронды басылымдар, ғылыми еңбектер, Колледж қызметіның бағыттары бойынша мерзімді және сериялық  әзірлеу мен басып шығару;

10) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар, спорт секциялары, саламатты өмір салты мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

11) қатысушылардың талаптарын анықтау мен дамыту;

12) конференциялар мен семинарлар, кәмсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру және өткізу;

13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіпке сәйкес білім беруде ақылы қызмет көрсету;

14) инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын енгізу, Колледж қызметін ақпараттандыру;

15) оқытудың жаңа технологияларын сынауға бағытталған эксперименталды білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

16) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы интеллектіні байыта отырып, моральды және салауатты өмір салтын қалыптастырудың берік негіздерін қалыптастыру;

17) Колледж жатақханаларында студенттерге орын бөлу.

Міндетті лицензиялауға жататын қызметтің түрлері Колледж сәйкес лицензияны алғаннан соң жүзеге асырады.

Жарғылық капитал қайта құрылып жатқан колледждер балансында жатқан мүліктен құрылатын болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер