astana-view

Ресей құрылыс компаниялары Алматыдан серіктес іздеуде

2018 жылғы 05 Қыркүйек
- Алматы қаласы
7379 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында Қазақстан және Ресей Федерациясының Свердловск облысының кәсіпкерлері кездесті. Қос тараптың кәсіпкерлері құрылыс материалдар, құрғақ құрылыс қоспалары, диодты шамдар, су құбырлары, қоршаудың металдық жүйесі, құбырлар мен тазалау құрылғыларға арналған полимер материалдар өндірісі саласында жұмыс істейді.

 «Компаниямыз 10 жыл бойы полимер құбырлары мен фитинг шығару, оның ішінде жыл еден мен ішкі кәріз жүйесіне арналған материалды жасаумен айналысып келеді. Өнімнің жоғары сапасы инновациялық технологиялар, материалдар мен өндірістің барлық кезеңінде сапа бақылауы арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорында жеке зертхана бар. Сапа өнімі батыстың тауарларынан кем түспейді, бағасы қолжетімді», – деді «Контур» ЖШҚ өндірістік компанияның тауар бағытының жетекшісі Алексей Чермянин.

Ресей делегациясы құрамында «Интеграция» ЖШҚ, «Предприятие «НПФ Эко-проект» ЖШҚ, «УралРесурс» ЖШҚ, «ТД «Аркос»ЖШҚ және құрылыс материалдарын шығаруда көшбасшы Bergauf Technology сынды ірі компаниялар болды. Bergauf Technology кәсіпорны гидрооқшаулай материалдарын, қорғаныш жабындыларды, құрылымды жөндеу мен су асты жұмыстарына арналған әрлеу материалдарын шығарады.

  «Бізде 4 жеке өндіріс, 8 шарт бойынша өндіріс, жеке шикізат базасы, 3 зертхана бар. Компанияда 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап ТМД елдерінің бәріне өнім экспорттаймыз», – деді  «Бергауф строительные технологии» ЖШҚ «Бетонды жөндеу мен қорғау» бағытының директоры Андрей Нестеренко. 

Кездесу қорытындысында кәсіпкерлер В2В форматында келіссөздер жүргізіп, байланыс орнатты. Қазақстан тарапы TRUST PARTNERS ЖШС, «Қазақ Су арна жобасы» АҚ, «Tumaris» ЖШС, IGK, Credit Management, «ТРИ А» ЖШС, «Танысып бизнес консалтинг» ЖШС, «Бектурган» ЖШС, «GLOBAL ibc» СК, «Elif Chemicals» ЖШС, «ЛКМ Казахстан» ЖШС, «Al Safa» ЖШС, «Al Safa» ЖШС, «Арнұр» ЖК, «DeTrans» ЖК, «ПАРАСАТ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС, «Жігер» ЖК, Сауда-құрылыс нарықтарының қаумдастығы, «Focus Tech» ЖШС, «Ако-А3» ЖШС, «Lux Polymer» ЖШС-нан құралды.  
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер