astana-view

Құрылыс заңманасы дамуының жаңа кезеңі талқыланды

2018 жылғы 06 Қыркүйек
5729 просмотров

Құрылыс саласындағы бизнес өкілдеріне Қала құрылысы кодексін дайындаудың алғашқы нәтижелері таныстырылды.

Қала құрылысы кодексін әзірлеудің орындылығын анықтауға бағытталған зерттеудің алғашқы нәтижелері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық комитеті отырысында  талқыланды. «Атамекен»  аталған зерттеуді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, салалық қауымдастықтар және бейінді сарапшылармен бірге жүргізіп отыр.

 «Қазақстанда бұл саланы реттейтін бірнеше заң бар, бірақ олар бір-біріне кереғар. Әзірленіп жатқан Қала құрылысы кодексі ережелерді нақтылап, жиналып қалған мәселелерді ретке келтіруі тиіс», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы   Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық комитетіның төрағасы Александр Белович.

 Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов бұл мәселе 2015 жылдан бері көтеріліп келгенін, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірқатар талқылау өткенін айтты, соның нәтижесінде  кешенді талдау жүргізу туралы шешім қабылданған.

«Мәселені шешу үшін нақты, дәйекті ұсыныстар керек, қалғанын барлығын талқыладық. Комитет мүшелерін мәселеге атсалысуды сұраймын, сарапшыларды ұсыныңыздар, барлық тараптардың жұмылуы шарт», – деді Елдос Рамазанов.

Қала құрылысы кодексін құру жұмысының бірінші кезеңі бойынша талдау нәтижелерін Құрылысшылар қауымдастығының өкілдері таныстырды. Олар сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы ұлттық және халықаралық заңнаманы, құқық қорғау және сот практикасын салыстырмалы-құқықтық талдау жасады, салалық заңнамалардағы қайшылықтарды, кемшіліктер және қарама-қайшылықтарды анықтады.

Комитет мүшесі Мелик Алпысбаев инвестициялау алдындағы кезеңнен бастап инвестициялардан кейінгі кезеңдерге дейін объектінің тіршілік  циклына назар аударуды ұсынды.

«Сәулет және қала құрылысы саласында бақылау-қадағалау функциялары мен инженерлік жұмыс түрлері іргелі болатыны белгілі, ал олар талдауда жоқ. Бұл жобаны басқару, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, нысан-ғимаратты зерттеу жұмыстары. Жобаны басқару – тапсырыс беруші, құрылыс салушыны тартып, құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізіп, құрылыстың тіршілік кезеңдерінің барлығын басқаратын қызмет», – деді Мелик Алпысбаев.

 

«Қала құрылысы кодексі бізге өте қажет құжат, уақыты келді. Біздің ойымызша талдауды халықаралық тәжірибе тұрғысанан күшейту керек», – деді «Сараптамалық ұйымдар палатасының президенті Серік Әлібаев.

 Заңнама институты қатысушыларға толығырақ ақпарат берді.

 «Қазір барлық заңға қосымша актілер, техникалық құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз, көп олқылықтарды анықтадық. Әдетте, норма жақсы жазылған, құрылымы дәйекті болады, алайда практикаға келгенде басқаша түсіндіріледі немесе ол норманы қолдануға қорқады. Тағы мынадай жағдай бар, норма бұйрық немесе нормативті-техникалық құжатта бар, ал заңға қосымша актіде қатынастарды реттеу қиынға соғып жатады. Кодекс әзірленсе барлығы реттеледі. Өйткені кодекс, бұйрыққа қарағанда жиі өзгеріске ұшырамайтын құжат. Ал негізгі нормативті мазмұн заңға қосыша актіде болғаны тәуекелдерді көбейтеді. Егер барлық материалды жүйелеу уақытында кодекске енгізілетін барлық нормативті-құқықтық актілер сәйкестеніп, сонымен қатар саланың өзіне әдістемелік өзгерту жасалса,  құқықтық реттеу механизмі өзгерсе, онда шоғырландыру ғана емес, кодтау процесі де жүргізілді деп айтуға болады», – деп түсіндірді Заңнама интситутының өкілі.

 Маманның дәйегі Комитет мүшелері тарапынан қолдау тапты. Құрылыс саласы мен тұрғын үй-құрылысы шаруашылығын дамыту департаментінің директоры Дархан Сақанов зерттеу жұмыстары осы түсіндірмеге негізделіп жасалуы керек деп санайды. Осылайша кодекске шоғырландырылған заңнама болып отырған сәулет туралы заң түрін өзгертудің шын мәнінде дәлелдемелі  базасы болады.  Оның айтуынша, егжей-тегжейлі зерттеудің қажеті жоқ, керегі нақтылық: кодекске енгізудің нақты себептері болуы шарт. Дархан Сақанов талдау қажетті деңгейде құрылымдалмаған және әрі бағыт бойынша нәтиже керектігін алға тартты.

«Алдағы уақытта зерттеудің екі кезеңі барына қарамастан, салаға тиісті реформа жасау керек екені анық», – деді Александр Белович.

Қорытындылар мен ұсыныстарды көрсететін зерттеудің екінші кезеңінің нәтижелерін талқылау биыл қараша айына жоспарланып отыр.

 «Жаңа құжат барлық нормативті-құқықтық актілерді жүйелендіріп, құрылыс жұмыстарын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, саладағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою керек. Бизнес өкілдері құрылыс заңнамасын жүйелендіру мен кодтау бойынша мәселені бұрыннан бері көтеріп келеді. Ал «Атамекен» бизнес мүдделерін шоғырландырушы ұйым ретінде уәкілетті орган алдында бастама көтерді. Талдау жұмысы барлық аспектілерді ескеріп, құрылымдау қажет. Әр қауымдастықтан бір сарапшыдан бөліп, әр норма бойынша қорытынды берілуі керек», – деді Ельдос Рамазанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер