astana-view

Астанада Тәлімгерлік мектептің екінші кезеңі өтті

2018 жылғы 02 Қазан
- Астана қаласы
5305 просмотров

2018 жылы 2 қазан күні Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында Тәлімгерлік мектептің тәлімгерілеріне арналған оқыту семинарларының екінші кезеңі аяқталды.

 Бұл республика бойынша кәсіпорынның өнімділігін ұлғайту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және білікті мамандарды даярлау үшін құрылған алғашқы алаң. Өкінішке қарай, бүгінде бұл жұмыс жергілікті жерде қолға алынбаған.  Қазақстандық кәсіпорындарда тәлімгерліктің негізгі мәселесі – білікті тәлімгерлер жетіспеушілігі және кәсіпорындардың әлсіз мотивациясы. Мамандардың пікірінше, негізгі дағдылар тәлімгерлермен жұмыс істеуді қажет етеді.

«Өндірісте студенттер жұмыс үдерісін білмей жатады. Тәлімгерлердің институтын жаңғыртудың кезі келді. Ол бірқатар ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге, әлеуетті дамытуға көмектесетін кәсіпорынның кадрлық саясатының негізгі элементі. Өндірісте кәсіби тәлімгерлер тапшылығын шешу үшін Ұлттық палата Тәлімгерлік мектебін ұйымдастырды», – деді Астана қаласы ӨКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева.

Бұл жолы құрылыс индустриясы мен сервис, экономика және менеджмент саласы қызметкерлері үшін «Жұмыс орнындағы оқыту педагогикасы. Тәлімгер-мамандарды аттестаттау» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Семинарға кәсіпорындар мен өндірістерден 30-дан астам тәлімгер қатысты.  Оқытуды мамандар, мультипликатор-тренерлер Л.Ж. Шонаева, М.У. Исабеков өткізді. Бұл мамандар «Атамекен» және Германияның Трир қаласының Қолөнер палатасының ортақ жобасы аясында оқудан өткен. Оқу пікірталас пен командалық жұмыс әдістерін қолданумен өтті.

 «Өндірісте тәлімгердің міндеттері, құқықтары мен жұмыс мақсаты немен ерекшеленеді?», «Тәлімгерді дайындаудың ерекшелігі қалай?», «Қақтығысты жағдайда қалай жұмыс істеу керек?». Осы сұрақтарға семинарға қатысушылар жауап беруге тырысты. Жиынды қорытындылай келе Астана қаласы ӨКП директоры Ален Түлкібаев мүндай іс-шараның маңызын атап өтіп, қатысушыларға сертификаттарын тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер