astana-view

Петропавлда кәсіпкерлер құқығы тапталған

2018 жылғы 04 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7160 просмотров

Петропавлда Әуезов көшесі бойына салынып жатқан жылу трассасы оншақты, тіпті жүздеген бизнес субъектілерінің жер учаскілеріне баратын жолды ұзақ мерзімге жауып тастауы мүмкін. Осындай жағдай – тапсырыс беруші мен мердігердің жер иелерімен ақылдаспай істеген әрекетінен туындап отыр.

 Өндірістік мақсатқа берілген жер учаскілеріне тек Әуезов көшесімен келуге болады, осы көшемен жылу трассасын жүргізу жер иелеріне тосынсый болды. Екі үлкен 800-дік құбырды жер астына орнату жұмыстары ұзаққ созылып, бизнес өкілдеріне айтарлықтай қиындық тудырып отыр. Құрылысты жобалау уақытында не жобалаушы, не тапсырыс беруші бизнеске ескерту жасамаған, мүддесін ойламаған. Осындай жаңалықты естіп, алаңдаған кәсіпкерлер СҚО кәсіпкерлер палатасына көмек алуға жүгінген.

 «27 қыркүйекте олар Петропавл әкімімен кезедсу ұйымдастырды. Әкімдіктің құрылыс бөлімі жобаға түзетулер енгізіп, кәсіпкерлік субъектілері өз жер учаскілеріне кіре алатындай етіп, жылу трассасының көлемін қысқартуды тапсырды. Аталған мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында көтерілген болатын. Бизнес субъектілерінің шағымдары негізінде құрылыс жұмыстары мен жылу трассасын жүргізудің қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында прокуратуралық тексеруді ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды. Палата сарапшылары бизнес субъектілеріне олардың жер учаскілерін пайдаланудағы құқығын шектеп отырған құрылыс жұмыстарын тоқтату бойынша сотқа өтінім жасау ұсынылды», – деп хабарлады ӨКП директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

 Кәсіпкерлер анықтағандай, жобаны тендерді ұтып алған астаналық бір компания әзірлеген. Кәсіпкерлерді бұл жайт емес, құбырларды тартудың қалай болса солай жасағаны таң қалдырды. Неге жаңа құбырларды кәсіпкерлер жер учаскілерінің артымен немесе жер астымен жүргізбеді? Бұл жобаға сараптама қалай жүргізілді, неге оны жер иелерімен мақұлдамады? Мұндай сауалдарды кәсіпкерлер де, Кеңес мүшелері де қойды.

 «Иә, заң талап еткендей, қоғамдық тыңдалым жүргізілді. Алайда бір де бір жер учаскілпрдің иесі оның өткенінен бейхабар. Сәйкесінше, кәсіпкерлер талқылауға қатыспаған, демек тапсырыс беруші бұл тыңдалымдарды шартты түрде жүргізген, мәселеге немқұрайды қараған», – деді СҚО ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрайымы Инесса Қуанова.

 Енді мәселені шешуге облыс прокуратурасы кіріседі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер