astana-view

Астанада өтетін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға шақырамыз!

2018 жылғы 04 Қазан
7791 просмотров

12-13 қазан күндері Астанада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. Биыл байқауға өңірлік кезеңде жеңіске жеткен 153 компания қатысады

Марапттау үш аталым бойынша жүреді:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  • «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

Байқауға қатысушылар ұсынған тауарларды кез келген адам сатып ала алады. Көрме қонақтарын отандық тауар өндірушілер ұйымдастырған киім-кешек таныстырылымы, шеберлік сабақтар мен сыйлықтар ұтысы (күнделікті сағат 15:00-те) күтеді.

Көрме мақсаты – өнім сапасын жақсартуға бағытталған отандық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтуға көмектесу,   өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапаға қатысты мәселлерді шешуге және халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттау.

 Көрме-байқауы аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шағын және микро-бизнеске арналған «Бизнесті құтқару қызметі» пилоттық жобасы таныстырылады.

 Көрме сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады. Өтетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі 3, «Көрме» орталығы

Бағдарлама

Қатысушылар тізімі

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер