astana-view

Депозиттен ақша шешу үшін айыппұл қарастырылмаған

2018 жылғы 05 Қазан
5600 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономика және талдау департаменті жаңа депозиттердің артықшылықтары, жоғалған табысты айыппұлмен шатастырмау керегін түсіндіріп берді.

Осыған дейін БАҚ қөздерінде Қазақстанда жеке тұлғалар үшін әртараптандырылған пайыздық мөлшерлемелер мен депозиттердің жаңа классификациясы: мерзімді,  мерзімсіз және жинақ түрі енгізілуде деп хабарланған болатын. Осы ретте бірқатар БАҚ өкілдері егер дпозиттерден мерзімнен бұрын қаражат шешілсе, банктер тарапынан айыппұл қарастырылған деп ақпарат таратылған болатын.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика және талдау департаменті директоры Нұрлан Сақуовтың айтуынша салымшыларға қарастырылған айыппұлдар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Клиент депозитті рәсімдегенде осы шарттарға ерікті түрде келісім береді, аталған шарттар анағұрлым жоғары пайздық мөлшерлеме мен ұзақ мерзімді салымдарды көздейді. 

«Яғни, клиент мерзімсіз стандартты депозитті ашқаннан гөрі  кепілдендірілген ұзақ мерзімді депозит ашуға келіседі, және депозиттің мерзімі аяқталғанда ол жоғары ақшалай сыйақы алады. Ал егер клиент депозиттің мерзімі аяқталмай жатып қаражатты шешіп алса, онда банк салымы келісім-шартына белгіленген сыйақының бір бөлігін жоғалтады. Бұл айыппұл емес, бұл – табысты жоғалту. Демек, клиент депозиттен күткен сыйақы мөлшерін ғана жоғалтады», – деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика және талдау департаментінің директоры Нұрлан Сақуов.

 Депозиттер бойынша жаңа шарттар – бұл халыққа салым арқылы ақша табудың қосымша мүмкіндігі, деп санайды «Атамекен» сарапшылары. Бұған қоса Ұлттық Банктің саясаты бизнесті ары қарай несиелеуге оң әсер етеді, себебі ол қаржыландыру базасын тұрақтандыруға бағытталған.

 «Жалпы алғанда халық депозиттерінің 90%-ы – кез келген уақытта шешіп алуға болатын мерзімсіз салымдар. Банктердің міндеттемелері құрылымында депозиттер 78.6%-ды құрайды, яғни несиелер тартылған депозиттер көлеміне тікелей байланысты. Сәйкесінше ұзақ мерзімді депозиттер болмауы банктерді халыққа, бизнеске ұзақ мерзімге несие беруге ынталандырмады. Қазір ұзақ мерзімді депозиттердің белгілі бір көлемінде банктер несиелеуге қор пайда болғандықтан ұзақ мерзімге қаражат бөлетін болады», – деді Нұрлан Сақуов.

 «Атамекен» сарапшылары депозиттерге қатысты толық ақпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Ұлттық Банктің ресми сайттарында орналасқан деп атап өтті.

 Айта кетелік, 2018 жыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда салым мерзімі мен түріне қарай депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме көлемі өзгерді.

 Дереккөз: Ұлттық Банк


Еншілес ұйымдар

Серіктестер