astana-view

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт орталығы ашылды

2018 жылғы 05 Қазан
- Ақмола облысы
6640 просмотров

Жобаны Степногорск қаласының тұрғыны Берік Мазанов жүзеге асырды. Беріктің өзі – жастайынан мүгедек. Ол жеке кәсіп ашуды армандаған.

Биыл наурыз айында Берік Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Степногорск қаласындағы филиалына жүгінді. Бастапқыда Берік мал шаруашылығын қолға аламын деп жоспарлады, оның ата-анасы да бұл идеяны құптап, пәтерді кепілдікке қойып, алғашқы капитал беруді ойлады. Алайда палата сарапшылары жас кәсіпкерге кәсіпті бастаудың басқа нұсқасын ұсынды.

Степногорскта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы спорт орталығы жоқ, сондықтан мұндай жобаны инновациялық деп санауға болады. Берік консультанттар дәйегімен келісті, оның үстіне Берік өзі де арнайы залдың болғанын қалайтын. Берік Мазанов жастайнан спортпен шұғылданып келеді, армрестлингтен спорт шебері және кеудені жерден көтеру бойынша жарыстарға қатысады.

 Степногорскта 2 мыңнан астам адам – мүмкіндігі шектеулі жандар.

«Әрине, спортпен айналысуға болатын спорт орталығын ашылғаны жақсы еді, көп арнайы спорт залдың болмауы себепті жаттыға алмайтын. Тағы сергіп, әңгімелесіп қайтатын орын керек. Сондықтан бұл идея маған ұнады», – деді Берік.

 Палата сарапшылары шығындарды есептеп, бизнес-жоспарды әзірлеуге көмектесті. Жалғыз мәселе арнайы орынжай керек болды. Оған жергілікті әкімдік қолдау көрсетті. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі орынжайды алу ұсынылды.

«Сол уақытта біз қаржыландыруды да ойластырып қойдық. Жыл сайын жергілікті бюджетке грантқа қаражат беріледі. Осы қаражатқа біз жобаны икемдедік. Қайтарымсыз қаражатты бөлу бойынша комиссия Беріктің бастамасын бір ауыздан қолдады, кәсіпкер қаражатқа қол жеткізді», – деді ӨКП Степногорск филиалының директоры  Азамат Маханалин.        

Жаңа спорт залы жеке қабілетттерді ескеретін арнайы жабдықтармен қамтылды. Айта кетелік, спорт жасақтары Беріктің әкесі жобалауымен жасалды, оларға сақтандыратын тұтқалар мен қорғаныштар орнатылды. Енді жуыну бөлмесін жасау жоспарланған. Жуырда зал қосымша жабдықтармен толығатын болады, оның ішінде Ресейден балаларға арнап жасалған тренежерлар да бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер