astana-view

Беларусь-Ресей шекарасында Қазақстанға бет алған жүктің үлкен партиясы тоқтатылды

2018 жылғы 15 Қазан
4299 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО аумағында халықаралық транзит бойынша орын алған жағдайға қатысты алаңдауышылық білдіреді.

Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы шекарасында (Смоленск) Ресей ветеринарлық және кедендік қызметтерінің әрекеті салдарынан 5 пойыз бен жалпы көлемі 2000 тоннаны құрайтын тауар, оның ішінде тез бұзылатын мұздатылған құс еті, балық, уылдырық тиелген үш контейнер кеденде тұрып қалған.  

 Бизнестің дабыл қағуда.  Ресей Федералды кедендік қызметі және Ресейдің Брянск пен Смоленск облыстары бойынша ауыл шаруашылығын қадағалау басқармасы 25-29 қыркүйек арасында  МЖД 214010 «Смоленск-Сортировочный» бекетінде кедендік процедура талаптарына сай Қазақстан Республикасының Астана, Қостанай, Ақтөбе, Орал және Қарағанды қалаларына келе жатқан жүкті (құс еті, балық еті, уылдырық) тоқтатқан.

РФ  Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің Брянск және Смоленск облыстарындағы өкілдер құс етін ұстауының себебі ретінде бұзушылықтардың барын алға тартады, ал олар негізсіз болып отыр. Осы ретте контейнерлерді тексеру процедурасы кезінде өнімді сақтау техникалық талаптарды бұзылған. Тексеру жүкті жөнелтушілер мен күтіп алушылар, экспедиторларды қатыстырмай,  қатты нөсер уақытында  ашық аспан астында  теміржол платформаларында жүргізілген.

 Балық пен уылдырыққа қатысты тыйымды салған Смоленск кеден қызметкерлері РФ Президентінің 06.08.2014 жылғы №560 Жарлығын алға тартты. Құжатқа сәйкес РФ аумағына санкциялық тауарларды кіргізуге болмайды.

 Алайда, аталған тауар РФ территориясына сырттан келмеген, аталған жүк ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер территориясы арқылы халықаралық транзит режимі бойынша: Беларусь Республикасынан бастап, Ресей Федерациясы арқылы, соңғы жүру нүктесі Қазақстан Республикасына бет алып келе жатқан еді.

 Осыған дейін дәл осы бағытпен, осындай тауар түрі Ресей Федерациясы территориясы бойынша транзит жолымен Қазақстанға жүк тасымалданғанын айта кеткен жөн. 

 Қазіргі таңда «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Ресейдің Федералды кеден қызметіне, Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметіне, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені шешуді және Смоленск облысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметкерлерінің жүктердің кешіктірілуі бойынша әрекетерінің заңдылығын тексеру мен белгілеу бойынша өтініммен хаттар жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер