astana-view

Алматыда электробустар шығаратын зауыт ашылады

2018 жылғы 16 Қазан
- Алматы қаласы
5953 просмотров

Алматыда электробустарды құрастыру бойынша Falcon Eurobus зауытын іске қосылмақ

Кәсіпорын қаланың Әуезов ауданында Төле би пен Яссауи көшелері қиылысында орналасқан. Зауыттың жалпы ауданы 70 мың шаршы метрді құрайды. 7 гектар жерде, сонымен қатар әкімшілік ғимарат, жинау цехы, баяу цехы, бөлшектер қоймасы, жөндеу аймағы, жүргізушілерге арналған оқу орталығы мен электробустарға арналған тұрақ қарастырылған.

Қазіргі таңда зауытта Еуро-5 стандартымен 10 автобус жасалған, жылдың аяғына дейін тағы 100 бірлік шығарылады. 12 және 18 метрлік ыңғайлы автобустар кондиционерлер, бейне-бақылау, пандустармен жабдықталған. Электробустар сондай-ақ, пайдалану бойынша шығындарды азайтады: олар электр желісінен қуатталады. Бір қуаттандыру шамамен 300-350 километрге немесе 6 сағатқа жетеді.

«Электобустардың басты артықшылығы – бұл экологияға зияны жоқ, ол қала тұжырымдамасына сай келеді. Мұндай көлік түрі зиянды қалдықтарды аз бөледі,  шуы аз. Аталған жобаны жүзеге асыру – жаңа 1300 жұмыс орнын құруға жол ашады. Бұл дегеніміз салықтық түсімдер мен жалпы қоғамдық көлік жүйесін дамыту», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

 Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласының әкімдігі Falcon EuroBus қазақстандық компаниясы және Daimler AG автоконцернмен меморнадумға қол қойған болатын, оның шеңберінде қалалық бағыттарға қызмет көрсету мақсатында Mercedes маркалы автобустар жеткізілімі жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер