astana-view

Павлодарда құрғақ құрылыс қоспалары жасалады

2018 жылғы 18 Қазан
- Павлодар облысы
9757 просмотров

«Идея жаңа емес, алай да Павлодар үшін өзекті», – дейді  Нұрлан Байдуллаев

Кәсіпкер өз идеясын  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырды.  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерлері арқылы Нұрлан Байдуллаев бизнес-жоспар дайындап оны жақсы қорғап, грант иеленеді.

«Құрылыс саласында 9 жыл бойы жұмыс істеп келемін. «Казстройсервис-LLC» ЖШС 2017 жылы негізігі қаланған. Қызметті басты бағыты – құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру. Құрғақ құрылыс қоспаларынсыз бірде бір құрылыс пен жөндеу жұмыстары өтпейді. Құрылыс қарыштап дамығаны арқылы қоспа дайындау – құрылыс индустриясының бір тармағына айналып кетті. Химиялық қоспаларды санамағанда шикізат – отандық. Кәсіпорында технолог барлық процедуралардың орындалуын қатаң қадағалайды», – деді кәсіпкер.  

 «Казстройсервис-LLC» өнімі әзірге тек Павлодар облысында сатылады. Нұрлан Байдуллаев және оның серіктесі Әсет Мұсабековтың жоспары көп, олар ассортиментті кеңейтпек. Мәселен, олар өнімді қаптау мақсатында қағаз қаптарды сатып алып жүр. Бұл қосымша қаржылай ауыртпалық. Сондықтан барлық шығындарды есептеген серіктестер өндіріске және қосымша Павлодар нарығы үшін қағаз қаптарын өздері өндіруге шешім қабылдады.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы кәсібімізді жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Қазіргі таңда өндірісіте 5 адам жұмыс істеп жатыр. Алдымызда орындалуы керек жоспарлар көп. Қаптарды Алматыдан алып жатырмыз. Бұл шығыны көп шаруа, сондықтан қаптарды өзіміз шығарсақ тиімді. Оның үстіне өңірде бұл бағытта бәсеке жоқ», – деді Нұрлан Байдуллаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер