astana-view

«HALAL QAZAQSTAN» БРЕНДІ РЕСЕЙ НАРЫҒЫНДА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТУДЫРДЫ

2018 жылғы 26 Қазан
3920 просмотров

Ресейдің Челябинск қаласында басталған «АгроПродЭкспо.Урожай-2018» көрмесінде отандық тауар өндірушілер осы брендпен шықты. Көрме 28 қазанда аяқталады.

Қазақстандық бренд қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндірушілер бар. Рудныйдағы «Злак+ М» компаниясы 1999 жылдан бастап макарон өнімдерін өндірумен айналысады. Олардың тауарлары Қазақстан көрмелеріне бірнеше рет қойылды, Қырғызстанда болды, енді Ресейге жетті.

«Брендіміз үлкен қызығушылық тудырып отыр, халал өнімдері дегеніміз не екенін үнемі түсіндіреміз, - деді сату жөніндегі менеджер Петр Шаульский. - Көрме тамаша ұйымдастырылған, өндірушілер көп. Өкінішке қарай, макарон өнімдері арасында бәсекелестер жоқ, дегенмен алаң пайдалы. Өнімімізге қызығушылық танытқан бірнеше компаниямен кездестік. Біз көрмеге өнімді көрсетуге ғана алып келдік, ал адамдар сатуға өтініш беріп отыр. Қазақстандық тауарларға сұраныс артып тұр».

Көрменің ресми ашылуы басталғанға дейін келушілер қазақстандық өнімнің дәмін татып көру үшін кезекте тұрды. Қостанайлық сүт және сүт өнімдерін өндіруші «ДЕП» компаниясын Ресей нарығы жақсы таниды. Компания өкілі Вадим Ямалетдиновтың айтуынша, биылғы көрмеде екі күн ішінде фирма зауыт өнімдерін бірнеше рет тасымалдаған.

«Әрбір сауда орнының өз тұтынушысы бар. Біз де Ресей нарығында  өз орнымызды таптық. Облысымызда сүт өнімдері нарығы кең, жергілікті өндірушілердің көрмесіндегі баға біздің бағадан екі есе артық, алайда өнімдеріміздің сапасы ешкімнен кем емес. Көрмеде өнімді өндірушінің бағасы бойынша сатамыз, адамдарға ұнайды. Көпшілік халық біздің өнімнің сапасына баға беріп, ұнтақ емес, табиғи сүт екеніне көз жеткізеді. «ДЕП» қазір белсенді жұмыс істеп жатыр, біз Челябі облысын  толық қамтып, енді Екатеринбургке шығамыз», - деді Вадим Ямалетдинов.

Көрме  В2В алаңына айналған, қатысушылар жергілікті азық-түлік дистрибьюторларымен келіссөздер жүргізді.

«Көрме шын мәнінде сапалы екенін атап өткім келеді. Халыққа арналған азық-түлік тауарларының үлкен ассортименті  бар. Біздің стендтеріміз күткендегіден де жақсы болды, мұндай іс - шаралар біз үшін маңызды, - деп атап өтті Алматы «АлХан Халал» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Артур Эльшейдт. – Біздің компания  ресейлік әріптестермен танысып, маркетинг пен жарнама саласында үлкен тәжірибе жинады. Біз жер шалғайлығына қарамадық, бастысы -тәжірибе алмасу. «АлХан Халал» ЖШС еліміздің солтүстік аймағының нарығына шығуды жоспарлаған. Челябинск- миллионшылар қаласы және бұл біз үшін өте қолайлы».

Барлығы 6 отандық өндіруші өз тауарларын шығарды:

- «Злак+ М» ЖШС, Рудный қ.-макарон өнімдерін өндіру;

- «ДЕП» ЖШС, Қостанай қ.-сүт және сүт өнімдерін өндіру;

- «Алматинский продукт» ЖШС, Алматы қ.-кондитер өнімдерін өндіру;

- «АлХан Халал» ЖШС, Алматы қ.-шұжық өнімдерін және жартылай ет өнімдерін өндіру;

- «Al' ba Foods Company» ЖШС, Алматы қ.-шұжық өнімдерін және мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіру;

- «Халал Даму»ЖШС.

Айта кетейік, «Halal Qazaqstan» ұлттық стендінің ұйымдастырушысы -Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы.

Алда қатысушыларды «Сауданың таңдау» дегустация-конкурсы күтіп тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер