astana-view

Бизнесті қорғаудың жаңа мүмкіндіктері

2018 жылғы 02 Қараша
- Түркістан облысы
10899 просмотров

Түркістан облысында бизнеске қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.

Аталған жоба кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, қоғамдық бақылау орнату және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Жобаның жаңашылдығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кәсіпкер мен инвестор қызметіне үнемі қатысып, кәсіпкерлерге бизнесті кедергісіз және заңды жүргізулеріне мүмкіндік беруі.

Осындай келісімнің бірі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Kazakhtan CHN-KZ Eneregy Group» серіктестгі арасында түзілді. Бұл қытайлық компания елімізге жалпы құны 470 млн долларды құрайтын инвестиция құюда. Компания күн және жел электростансасының құрылысын салумен және энергетикалық жабдықтарды өңдеумен айналысады. 

«Бизнесті қорғау бүгінде біздің ведомства жұмысындағы басты басымдықтардың бірі ретінде анықталды. «Protecting Business and Investments"  жобасы аясында жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісім инвесторларға аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік береді»-деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Іс-шараға қатысқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмут кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету бойынша жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, "Protecting Business and Investments" жобасы инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал құруға, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға ықпал етпек.

Осылайша, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 215 млрд. теңгеден асатын 4 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер