astana-view

Алматыда үш бизнесменнің тауары өртеніп кетті

2018 жылғы 02 Қараша
- Алматы қаласы
5815 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мамандары өрт салдарынан болған шығын мен бизнесмендерге қандай көмек керектігін анықтау мақсатында бүгін оқиға болған жерге барды. 

Айта кетелік, Жетісу ауданында Москвина көшесі бойында «Адем» базарының артындағы қоймалар кеше сағат 13:41-де өртенді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:46-да келген. Өртенген аудан 3000 шаршы метрді құрады. Өртті сағат 15:05-те оқшаулап, ағат 17:36-да толық сөндіруге қол жетті.

 Алматы ӨКП қызметкерлері өрт орнына барды. Зардап шеккен кәсіпкердің біреуі де болмады, біз қойма иесі – кәсіпкер Әкім Ханасовпен сөйлестік. Оның айтуынша, кеше кәсіпкерлердің 70 миллион теңге көлемінде тауары өртеніп кеткен деген БАҚ көздерінде жарияланған ақпаратта сома қатты асырылған.

«Міне, барлық тауар жатыр, қараңыздаршы, ол 70 миллион тұра ма? Зардап шеккен кәсіпкердің кішкентай ғана қоймасы болды. Басқалар да болды – спорт тауарлары мен ротангтан жасалған жиһаз. Барлығы үш кәсіпкер», – деді қойма бастығы.  

 Оның айтуынша, әзірге ешкім өрттің нақты себебін білмейді, қазір анықталып жатыр, сараптама жүргізіледі. Сонымен қатар келтірілген шығын көлемі де анықталатын болады.

 «Қойманы жалға бергенімде электр желілері ақаусыз олған. Әр жалға беруші өртті болдыртпауға тырысады, алайда кепілдік жоқ», – деді Әкім Хасанов.

 «Өкінішке қарай, Бұл орын алып отырған бірінші жағдай емес, мәселе жылдан жылға қайталана береді.  Сондықтан кәсіпкерлер алдын ала барлық тәуекелдерді ескеру керек, оның ішінде осындай төтенше жағдайдан сақтанудың барлық механизмдерін қолдану жөн. Мына жағдайда Кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен кәсіпкерлерге сақтандыру бойынша кеңес беріп, қажетті көмек беретін болады», – деді Алматы ӨКП директоры Бағдат Телебай.

 Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесуге дайын, олар мына мекенжай бойынша хабарласа алады: Жібек жол даңғылы 135, 9-қабат, тел: 8(727) 33-101-33. 

Анықтама үшін:

Бүгінгі таңда Алматыдағы 57 базардың 16-сына жаңарту жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін 29 базарға жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы түйткілді мәселелерді анықтау мақсатында биыл шілде айында базарларға паспорттау жүргізді. Негізгі мәселе – базар иелерінде базарлардың жаңа заманауи форматына өту үшін қажет қаражаттары жоқ. Палата «Жібек Жолы» атты өңірлік бағдарлама аясында базарларды мақсатты қаржыландыру мүмкіндігі туралы бастама көтерді.

 Алматы қаласының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі салыстырмалы салмағы 29,7%-ды құрайды. Саудада 20 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер