astana-view

Павлодардың бизнес ханымдары форум өткізеді

2018 жылғы 05 Қараша
- Павлодар облысы
8569 просмотров

«Ертістің іскер әйелдері» форумы 200-ге жуық бизнес ханымның басын қосады

Форумға жұмыс белсенді істеп тұрған, жолға қойылған бизнесі бар іскер әйелдер мен кәсіпті енді бастаған қыз-келіншектер қатысады. 12 қараша күні өтетін форумды «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырып отыр. Іскер әйелдер кеңесі 3 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатыр. Кеңес мақсаты әйелдерді іскер ортаға тарту, олардың экономикалық бастамаларын қолдау.

  Павлодар облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Райхангүл Сатабаеваның айтуынша, бүгінде әйелдер экономика дамуына сүбелі үлес қосып отырған драйверлердің бірі. Бұған әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің жан-жақты қолдауы себеп болып отыр.  


 
 «Әйелдердің қолынан бәрі келеді. Олар табиғатынан икемділікке, стандартты емес ойлауға, қиын кезде оңтайлы шешім қабылдауға икемді келеді. Әйелдер сенімді бизнес-әріптес бола алады. Табиғаттан берілген икемділік әйелдерге түйіткілді мәселелерді оңай шешіп, іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Осы ретте бизнес леди мәртебесін алып, біздің ханымдар ана, қыз, әпке, әже деген атты қатар алып жүреді. Қазір заманауи бизнестің келбетін әйелдер құрап келеді деп сеніммен айтуға болады», – деді Райхангүл Сатабаева.

Павлодар өңірінде әйелдер кәсіпкерлігі белсенді дамуда. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жартысы әйелдерге тиесілі. Өңірмен шектеліп қалмай бизнес ханымдар байланыстың шекарасын кеңейтуде. Мәселен, Ертістің бизнес ханымдары 2018 жылы Түркия, Латвияда болып, сол жерлердің бизнес-қоғамдастығымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойған.

 «Алдымыздағы форум – бұл тәжірибе алмасу, өзекті мәселелер талқылаудың мүмкіндігі. Бұл ашық, тиімді диалог болады. Бір ары қарай да қыз-келіншектерге кәсіп бастап, ақпараттық және қаржы көздеріне жол ашуда көмектесетін боламыз», – деді Райхангүл Сатабаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер