astana-view

30 отандық тауар өндіруші Шанхай көрмесіне қатысты

2018 жылғы 08 Қараша
2657 просмотров

Бірінші халықаралық импорт көрмесіне қатысушылар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, машина жасау, туристік салалары бойынша тауарларды көпшілік назарына ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара Қытай үкіметінің өз нарығын басқа мемлекеттерге ашуға дайын екенін көрсетіп отыр.

Көрмеде 100-ден астам елдің 150 мыңға жуық кәсіби сатып алушысы таныстырылды. Көрменің өзі ұлттық сауда-инвестициялық көрме, бизнес-көрме және халықаралық сауда форумы болып үш бөліктен құралды.

 «Қытай экономикадағы импорт және тұтыну бойынша әлемде екінші орынды еншілеп отыр. Импорттық тауарларға сұраныс үздіксіз артқан уақытта Қытай дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Бұл көрме – отандық экспорттаушылар үшін Қытайдың сатып алушылары, трейдерлеры мен сауда желілері өкілдерімен кездесуге, байланыс орнатуда таптырмас мүмкіндік», деді  Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Аян Еренов.

 2018 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Қытай мен Қазақстанның өзара тауар айналымы 10 469 млн АҚШ долларын құрап, мемлекеттермен жалпы тауар айналымында 13,1%-бен екінші орынға шықты. Өткен жылмен салыстырғанда, тауар айналымы 32%-ға артқан.

 Қазіргі таңда қазақстандық «Пасека» шаруа қожалығы мен «Шыңжаң Xinhongji International Trading Co.» қытай компаниясы арасында Қытай Халық республикасына 15 мың тонна бал жеткізу бойынша келісімшарт жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер