astana-view

Сарапшылар банктерді АӨК саласын несиелеуге шақырды

2018 жылғы 09 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
7960 просмотров

  Агроөнеркәсіп кешені саласында тәуекелдер көп, сондықтан банктер шаруа мен фермерлерге несие беруге асықпайды.

Ал агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жыл сайын миллиардтаған қаражат бөлінеді. Ауыл шаруашылығын тұрақты қолдау бағдарламалары арқылы банктер жақсы табысқа ие бола алады. Бастысы – сауатты шешім. Қарыз алушының бизнес-жоспарын қарауда нені ескерген жөн осы тақырыпта қаржы институттары менеджерлеріне арнап семинар өткізілді.

 «Агроөнеркәсіп кешені әлеуетін толық көлемінде пайдалану жайында ҚР Президентінің Жолдауында айтылған. Осы мақсатқа алдымыздағы үш жылдың ішінде жыл сайын 100 млрд-тан кем емес теңге жұмсалады. Алайда нарықта қаражатты капиталдың жетіспеуі себептен, мемлекет АӨК-ті қаржыландыру мақсатында жекеменшік банктерді тартуды көздеп отыр. Шын мәнінде тәуекелге толы - сала емес, көп жағдайда  қарыз алушылар технологияны ұстанбайды. Сала қауіпті деген жалған стереотип қалыптасып қалған. Сондықтан Аграрлық несие корпорациясы осы бағытта «Атамекен» ҚР ҰКП атсалысуымен екінші деңгейлі банктер мен басқа да каржы институттары мамандарына арнап семинарлар легін бүкіл республика көлемінде өткізуді қолға алды. Стереотипті бұзып, менеджерлер АӨК саласына сенуі үшін қаржыландыру көп бөлінуде, біз осы жаңашылдықтарды ауыл шаруашылығының салалық ерекшеліктерді ескере отырып түрлі бағыттар бойынша таныстыру жұмыстарын бастадық», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП мал шаруашылығы бойынша сарапшысы Анас Баққожаев.

 Сарапшының айтуынша, бүгінде АӨК-те қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істейді. Егер банктерде капитал болмаса, өтімділікпен мәселелер туындаса, Агронесиелік корпорация ауыл шаруашылығы жобаларына жылдық 4 %-бен қаражат бөлуге дайын.  Ары қарай банк өз пайызын қосып және 16%-дан аспайтын қорытынды сыйақы мөлшерлемесіне пайыз қосады. Мемлекет қосымша 10% субсидия бөледі. Нәтижесінде банктер пайда тауып, сала қажетті ресурстарды алады, ал қарыз алушылар 6 %-бен несие қол жеткізеді.

Cеминарға қатысушылар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы бойынша кешенді білім алды. Тыңдаушыларды сәтті жобалар, технологиялар мен есептеу әдістемелері, несиелеу бағыттарымен таныстырды.

 «Маған материалды беру формасы ұнады. АӨК бойынша жобалар болса, біз оған егжей-тегжейлі қарайтын боламыз. Оның үстіне мемлекет үлкен қаражат бөліп жатыр. Әзірге АӨК жобалары бізде болған жоқ. Практикалық бөлімде командамыз жоңышқа өндірісі және оны ауыл округтерінде өткізу бойынша жобаны әзірледік. Жалпы алғанда ең тиімді жоба сүтті мал шаруашылығы болып көрінді», – деді Орал қаласы бойынша «Цесна банк» АҚ бизнесті несиелеу бөлімінің бастығы Азамат Дәулетов.

                        

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер