Тәуекелдерді басқару жүйесі қағаз жүзінде қалып қойған-Рустам Жүрсінов
Қолданыстағы тәуекелдерді басқару жүйесі тұтынушыларға қауіп төндірмейді бірақ бизнесті тексеру жүйесін де жетілдірмейді. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау жөніндегі ІІІ форумда мәлімдеді.
«Атамекен» ҚР ҰЭМ-мен бірлесіп бизнесті қайта реттеу бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. Спикердің айтуынша, бақылау мен тексерулердің түбегейлі қысқаруы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. «Атамекен» Жол картасы аясында тәртіп бұзушыларға назар аударуға, ал адал бизнесті негізсіз тексерулерден босатуға мүмкіндік беретін жүйе құруды ұсынады.
2018 жылы Ұлттық палата прокуратурамен бірлесіп тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша алты салаға талдау жүргізді. Кемшіліктер анықталды. Мысалы, еңбек жөніндегі инспекцияда белгіленген 30 критерийден тек 4 ғана пайдаланылған. Жүйенің негізгі міндеті - қауіп- қатерлерді анықтау және жою, бизнеске жүктемені азайту, тексерулердің тиімділігін арттыру, деп атап өтті Басқарма мүшесі.
«Бұл тәсіл формалды түрде қалып қойды. Бірде - бір мемлекеттік орган жүйені толығымен қайта қарауға тырыспайды, - деді Рустам Жүрсінов. –«Атамекен» ҚР ҰЭМ алаңында тексерулер жүйесін қайта қарау тәсілдерін ұсынды, мемлекеттік органдарға шетелдік лекторлар оқыту семинарларын өткізді. Алайда, баяғы жартас, сол жартас».
Бүгінгі күні мемлекеттік деректер қоры проблемасы өткір тұр. Олардың 330-дан астамы интеграцияланбаған және кәсіпкерлер туралы толық емес ақпаратты қамтиды. Ұлттық палата мемлекеттік органдардың барлық дерекқорларымен біріктірілген бірыңғай бизнес-тізілім құруды ұсынады.
«Сайып келгенде, бұл бизнес үшін де, мемлекет пен тұтынушы үшін де пайдалы болады. Бизнес өз клиенттері мен жеткізушілерін көріп, олардың сенімділігін бағалайды, мемлекет – тиімді бақылау жүйесін құрады, тұтынушы – қауіпсіз тауарлар мен қызметтерді таңдайды», - деді спикер.
Мұндай жүйе, мысалы, Ресейде жұмыс істейді. Оның көмегімен 3 жыл ішінде бір күндік фирмалардың саны 3 есеге азайған, жүйенің жұмыс істеу дәлдігі 95% - ды құрайды. Бизнес-тізілімде сенімділік (адалдық), тиісті сақтық және төлем тәртібінің индекстері енгізіледі.
Сондай-ақ, Жол картасына жекелеген тексерулерді жалпы тәртіптен алып тастау мәселелері енгізілді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату кезінде кімді, қашан тексеруді өздері шешеді, ал бұл сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін оқиғалар, деп атап өтті Рустам Жүрсінов.
Ұлттық палатаға тексеру кезінде бақылаушы органдардың «таңдауына» қатысты шағымдар жиі келіп тұрады.
«Мысалы, бір көшеде дүкендердің бір бөлігі ғана тексеріледі. Мал дәрігерлері қызметін тексеру бойынша да осындай жағдай. Бұл тексерулер тіркелмейді, біз: кімнің және қалай жиі тексеретінін, онда заң бұзушылықтар болған-болмағанын, қандай шаралар қабылданғанын білмейміз».
Ұлттық палата тексерулерге талдау жүргізуді жоспарлап, нәтижесінде оларды жалпы тәртіпке қайтаруға бастамашылық жасайды.
Жол картасының төртінші бағыты-кәсіпкерлердің жүйелі проблемаларын анықтау және шешу. Рүстем Жүрсіновтің айтуынша, бұл жұмыс Ұлттық палата мен Бас прокуратураның басымдығы болып қала береді.
«Биылғы жылы республикалық мәселе реестрінен Бас прокуратураға 70 түйіткілді мәселе жолданды, бір жыл ішінде оның 31 – і бірлесіп шешілді. Өңірлік деңгейде- 65 мәселе, ал 43 мәселе жұмыс барысында қарастырылды».
Тағы бір бағыт-құқық қолдану тәжірибесінің жекелеген тараптары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу. Меншік құқықтарын қорғау тетіктері жетілдіруді талап етеді. Спикер іс жүзінде бизнесті басып алудың көптеген жолдары бар екенін атап өтті.
«Бүгінгі күні меншік құқығын қорғаудың қазіргі тетіктері жетілдіруді талап етеді, өйткені іс жүзінде бизнесті басып алудың көптеген қитұрқы жолдары бар», деп мәлімдеді Рустам Жүрсінов.
Лицензияны кері қайтарып алу, салықтық және басқа да тексерулер рейдерлік факторлар саналады және қолданыстағы Қылмыстық кодекс олардан қорғамайды.
«Ұлттық палата қылмыстық қудалау органдарының негізсіз әрекеттеріне талдау жасауды жоспарлап отыр. Тергеу органдарының кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуының себептерін анықтау және құқық қорғау органдарының тергеу және әрекетсіздіктерінің санын қысқарту бойынша шаралар ұсыну», - деді Рустам Жүрсінов.
Жол картасының маңызды бағыты- бизнестің жауапкершілігін күшейту. «Атамекен» бизнестің де, мемлекеттің де, тұтынушының де мүдделерін тең құқықты қорғау қажеттілігін түсінеді және ауысымды сақтандыруды енгізу, өзін-өзі реттеуді күшейту, бизнесті жүргізудің кәсіби және этикалық стандарттарын арттыру мәселесінде бастамашы болады.
Сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандар үшін ауысымды сақтандыруды қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Және «Адамдар көп жиналатын нысандардың қауіпсіздігін арттыру туралы» да Жол картасында көрсетілген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: