astana-view

«Ұлы дала елі» қолөнер шеберлері мен қала тұрғындарын форумға қатысуға шақырады

2018 жылғы 19 Қараша
3952 просмотров

Астанада  «Ұлы дала елі» қолөнер шеберлерінің «Микро-бизнес. Дәстүр. Мүмкіндіктер» атты туристік форумы өтеді.

24 қарашада Radisson Hotel-де қолөнер саласындағы жылдың басты оқиғасы өтеді. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жақындарыңызға, әріптестеріңіз бен серіктестеріңізге жаңажылдық сыйлықтарды сатып алуға және қарап көруге тамаша мүмкіндік туады. Сондай-ақ, қолөнер шеберлерімен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түседі.

Қолөнер шеберлері тәжірибе алмасып, басқа елдерден келген әріптестерімен таныса алады.

Бағдарламада:

- қолөнер шеберлерлері көрмесін ұйымдастыру;

- өнімдерді өткізуге арналған В2В  алаңдарды қамтамасыз ету;

- қолөнер шеберлері үшін дағдыларды дамытуға бағытталған шеберлік-сағатын өткізу

тауарларды сату, брендтеу және жылжыту қарастырылған.

Халықаралық спикерлер ретінде халық шеберлері қауымдастығы сияқты түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер өкілдері, «Хунарманд» (Өзбекстан), «Tumar» арт-тобы (Қырғызстан), немістің киіз басу шеберлері қауымдастығы (Германия), International Folk Art Market (Santa Fe, АҚШ), ҚХР шеберлері қатысады.

Форумға қолөнер шеберлері, туркомпаниялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, өңірлік бизнестің, дизайн және сән саласының өкілдері және басқа да мүдделі қатысушылар шақырылады.

Баршаңызды 2018 жылғы 24 қарашада, сағат 9:30 да Radisson Hotel-дің «Сарыарқа» залында күтеміз!                                                                               


Еншілес ұйымдар

Серіктестер