astana-view

Ауыл маркетингі: көмір алсаң, отын – сыйлыққа

2018 жылғы 21 Қараша
- Павлодар облысы
7861 просмотров

Клиенттерді тартудың осындай әдісін «Бастау» жобасының түлегі жүргізіп жатыр. Кәсіпкер қатты отынды жақында сата бастаған. Облыс орталығында көп жылдар бойы тұрған Ләйла Киреева ауылға кетіп, кәсіпкерлікті қолға алуды шешеді. Идеяны жолдасы мен екі ұлы қолдады.

Бастапқыда отбасы бизнесі көркем дәнекерлеу және дәнекерлеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетуге құрылған. «Бастау» бойынша оқудан өтіп, Ләйла Киреева 240 мың теңге көлемінде грант алды, бұл қаражатқа дәнекерлеу аппаратын сатып алды. Алайда кәсіпкер мұнымен тоқтап қалған жоқ. Бір бағытпен шектелмей іскер әйел жалға жер алып, онда қатты отын сататын «Райтоп» ашты. Жеке қаражатқа 2 жүк көлігі сатып алынды, тағы тракторды жалға алды. ӨКП Аққулы ауданы филиалының директоры Дастан Бейсенбаевтың айтуынша, «Бастау» түлегінің табысты бастамасына отбасының қолдауы мен жеке табандылық оң әсер етпек.

«Әйелдер табиғатынан дипломатия орнатуға жақын келеді,  ерлердің қолынан келмеген жерде ымыраға қол жеткізе алады. Ләйла Киреева жүк тасымалдаушылармен көмір жеткізілімі жөнінде келісті. Қазіргі таңда «Киреева» ЖК табысты бизнеспен айналысып, ары қарай дамуды көздеп отыр», – деді Дастан Бейсенбаев.

 Кәсіпкердің өзі ауылға көшу кездейсоқ шешім емес екенін айтты.

 «Қалада бәсекелестік қарқынды. Ал ауылда табысты бизнес дөңгелетуге әлеует бар. Әр клиентке жеке көңіл бөлуге тырысамыз. Мәселен, екі тонна көмір алғандарға – ағаш отынды сыйға береміз», – деп бөлісті Ләйла Мұтанқызы.

«Бастау» қатысушысы Азат Оспанов осы жобаға қатысу арқылы сүтті-етті бағытта ірі қара малды өсіру бойынша кәсіп ашты. Бастауыш кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.

«Кәсіпкерлер палатасының жергілікті бөлімшесіне өз идеяммен барып, ол кезде бизнесті қалай бастау керек екенін тіпті білмедім де. Бірақ білікті консультациялардан кейін, Палата мамандары жобамды сүйемелдеуді ұсынды, мен қуандым. «Бастау» жобасына қатысып, «Самира» жеке кәсіпкерлігін аштым, несие алып, жер уаскесін рәсімдедім. «Бастау» жобасы мен «Атамекен» палатасына алғысым шексіз», – деді Азат Оспанов.

 Дастан Бейсенбаев Аққулы ауданында «Бастау» билығы жылға белгіленген оқу жоспарын аяқтап жатқанын айтты.  

 «Биыл оқудың 6 легі өтті. Оған 228 адам қатысты. 8 түлек несие алды, 37 адам грант алды, тағы 11 адам грант алудың кезеңінде тұр», – деді Дастан Бейсенбаев. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер