astana-view

Астанада VIII Азаматтық форумы басталды

2018 жылғы 28 Қараша
7771 просмотров

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен VIII Азаматтық форумы өтіп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев форум жұмысын бастап, халқымыздың бірлігін нығайту және елімізді орнықты дамыту жолында мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті.

«Осы форум үкіметтік емес секторға тың серпін беріп, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына жол ашуға тиіс. Бүгінгі кездесу барысында күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныстар айтылатынына сенімдімін, – деді Елбасы.

 Форумға қатысушылардың бірі Ақтөбелік Шахан Жолдасбаев болды. Әлеуметтік кәсіпкер «Пандус-Ок» арнайы құрылыс ұйымын басқарады.

 «2007 жылы Астанада оқыс жағдай орын алып, мені автокөлік қағып кетті. Сол уақытта барлығын жоғалтқандай күй кештім. Қатты деңгейде сал болып қалып, ауыр жарақаттармен Ақтөбеге қайтуға мәжбүр болдым», – деді кәсіпкер.

2013 жылдың желтоқсан айында ол «Атамекен-Start up» бизнес-идеялар байқуында жеңіске жетіп, жеке кәсіп ашқан. Жұмыстың үш жылы ішінде кәсіпорын мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап 50 объектіні бейімдеді. Электронды көтергіштерді өндіру бойынша цех іске қосылды. Осы бағытта, Шахан Жолдасбаевтың айтуынша, заңнамада белгілі бір түйткілдер бар.  

«Мәслен үшжылдық бюджет аясында 1 жылдан астам уақытқа ұзақ мерзімді  гранттар қажет. Идеялардың бірі – Азаматтық альянсқа гранттарды бөлу құқығын беру, осылайша альянс мінсіз беделі бар мықты үкіметтік емес ұйымдардың легін құруға мүмкіндігі болады. Осы шаралардың барлығы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттырар еді», – деді Шахан Жолдасбаев.

 Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар – қоғамдық ілгерілеудің қозғаушы күші деп санайды ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев. Үкіметтік емес ұйымдардың саны 2003 жылдағы 5 мыңнан қазіргі уақытта 22 мыңға дейін артты. Жалпы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі қазір 20 миллиард теңгеге жетті.

«Қазақстан Азаматтық альянсының мәртебесін «Атамекен» ҚР ҰКП-мен  ұқсастығына қарай  дамыту арқылы мүмкін. Бізге үкіметтік емес ұйымдардың барлық статистикалық есептерін ретке келтіру керек. Бізге үкіметтік емес ұйымдар жеке барлық мәліметтерін тіркеудің бірыңғай порталына жариялайтындай халықаралық тәжірибені енгізу қажет», – деді спикер.

 Азаматтық форум екі жылда бір өтеді. Биыл оған еліміздің азаматтық секторын жетілдіріп отырған 850 делегат қатысты.

 Сурет akorda.kz сайтынан алынды

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер