astana-view

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін 6,7 млрд теңге үнемдеді

2018 жылғы 08 Желтоқсан
- Қостанай облысы
6710 просмотров

 

 Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің қорытындысы және келер жылға жоспарлар 7 желтоқсан күні Өңірлік кеңестің отырысы барысында айтылды.

Келер жылға белгіленген жаңашылдықтар арасында – бизнес субъектілеруне сауалнама жүргізу үшін үй-үйді аралау, сртификаттаудың электронды жүйесіне көшу,  «Atameken.Academy» цифрлық платформасына көшу бар.

«5 желтоқсан күні Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Онда 2018-2023 жылдарға Съезбен қабылданған  10 стратегиялық міндет айтылды. Келер жылда «Атамекен» қызметінің негізгі бағыты құқықтық орта, өткізу нарықтарына қолжетімділік, қаржыландыру мен біліктіліктің қолжетімділігі болмақ», – деді өз баяндамасында ӨКП директоры Мұрат Әбенов.

 Баяндамашының айтуынша, Палатаға құрылғанынан бастап 1000-ға жуық өтінім келіп түскен. ӨКП заңгерлері бизнеске 6,7 млдр теңке көлемінде қаражатты үнемдеуге көмектесті. Мәселен, осы тоқсанда жетіқаралық кәсіпкерге сот арқылы 14 млн теңге көлемінде қосымша құн салығы қайтарылды, басқа бизнесмен 20 млн теңгеден астам қосымша салықты төлеу міндетінен босатылды.

 Жүйелі мәселелер де шешімін тауып келеді. 2014 жылдан бастап Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Мәселелер тізіліміне 41 жүйелі мәселені қосты, оның  26-сы шешілді. Осы жұмыс аясында мемлекеттік қызметтерді алуда құжаттарды міндетті нотариаттық куәландыру алынып тасталды. Енді құжат қызмет көрсетуші немесе КҚКО өкілімен куәландырылады.

 «Биыл Қостайнай облысы ӨКП өңірдің 137 кәсіпорнын паспорттаудан өткізді. Негізгі түйткілді мәселелер: айналым қаражаттарының жетіспеушілігі, өткізу нарықтары мен шикізаттың тапшылығы. Өндірістің орташа жүктелуі – 60%. Қазіргі уақытта негізгі басымдық бюджеттік қаражатқа құрылыс нысандарын салу уақытында жергілікті қамтуға беріледі. Ал тапсырыс берушілер әкімдіктердің бөлімшілері. К-қосымшаларға сәйкес биыл құрылысматериалдардың жалпы саны 24,1 млрд теңге болды, оның ішінде қазақстандық қамту 22,2 млрд немесе 93,5%-ды құрады», – деді ӨКП директоры Мұрат Әбенов.

Талқылаудың қызу тақырыбы – электрондық сертификаттау жүйесіне қатысты болды. Биылғы жылы электронды сертификаттау пилоттық режимде іске қосылды. Енді «СТ-KZ» формасында экспорттық және басқа да бағыттардағы сертификаттарды үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады. Барлық құжаттарға өтінімді онлайн-режимде беруге болады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыс басталды, содан кейін тауарлардың шығу тегін сертификаттауда электрондық құжат айналымына түпкілікті көшу мүмкін болады.

  Алайда, егер бір кәсіпкерлерге электронды жүйе жұмысын жеңілдетсе, енді басқаларға қиындатып жіберуі мүмкін деген ойда Өңірлік кеңестің төрағасы Василий Розинов.

«Облысымыздың 30%-ын ауылдар құрайды, онда интернет жұмыс істемейді немесе сапасы төмен, демек бір құжат бір күн бойы жүктелуі мүмкін. Әртараптандырылған шешім керек», – деді төраға.

Осы ретте қала бизнесмендері «Кәсіпкердің жеке кабинетін» белсенді игере бастады, онда бизнеске арналған барлық қызмет түрлері қамтылатын болады. Қазіргі таңда сервис тестілеуден өтіп жатыр. 10 күн ішінде Қостанай облысында ресурсқа тіркелу бойынша 860 кәсіпкер өткен.  

Келесі жылы  «Atameken.Academy» цифрлық платформасын іске қосу жоспарланған, платформа бизнес негіздерін онлайн және офлайн үйрететін болады.

«Бастау» жобасы бойынша өңірде бүгінгі таңда 2 311 адам сертификат алған. Жалпы сомасы 1 млрд 606,7 млн теңге көлемінде 632 жоба  қаржыландырылды. Негізінен бұл ауылдық бизнес. Ал қалада жағдай нашарлау, банктер бастауыш кәсіпкердің жобаларына қызығушылық танытпайды. Осыған балама ретінде «Атамекен» шағын несиелеудің жеке жүйесін қалыптастырып жатыр. «Атамекен-Қостанай» шағын несиелеу ұйымының жұмыс істеуінен бастап, облыста жалпы сомасы 1,5 млрд теңге көлемінде 375 жоба қаржыланды. Жеке қаражаттан 1 млрд теңге көлемінде 196 шағын несие бөлінді.

 Келер жылда «Атамекеннің» негізгі міндеті бизнеске қаржылынадыру мен өнімді өткізу мәселелерін шешуге көмектесу болады. Ол үшін клиентке бағдарлану, тоғыстыру және жобалық әдіс принциптеріне негізделген фукционал құрылымы қайта қаралады», – деді ӨКП директоры.

  Бірінші кезеңде, қаңтар айынан бастап бірыңғай цифрланған базаны қалыптастыру мақсатында  кәсіпкерлерді үй-үй бойынша аралау жүргізіледі.  Екінші кезең бизнес субъектілеріне электронды сауалнама жүргізіліп, түйткілді мәселелер жинақталады. Үшінші кезеңде – кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен және Үкіметпен бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер