astana-view

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

2018 жылғы 11 Желтоқсан
8043 просмотров

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы жеңімпаздары марапатталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үш жеңімпаз анықталды.

Үздік атағы үшін биылғы жылы өңірлік кезеңдердің 153 жеңімпазы күресті.

Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар - «DOLCE» ЖШС директоры Сәуле Макишева (Алматы облысы), «Зерде – Керамика» ЖШС бас директоры Қанат Битеміров (Шымкент қ.), «Медидез» НПО  ЖШС директоры Әлия Қайратбаева (Қостанай облысы);

Халық тұтынатын үздік тауарлар - «West Line doors» ЖШС бас директоры Ілияс Дүйсембеков (Ақтөбе облысы), «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС  директоры Назгүл Есмақанова (Атырау облысы), «Dalatex» ЖШС директоры Ділмұхамед Абизов (Қызылорда облысы);

Үздік азық-түлік тауарлары - «Шин Лайн» ЖШС бас директоры Владимир Пак (Алматы облысы), «ViZaVi Company» ЖШС  бас директоры Ләйлә Сайдашева (Солтүстік Қазақстан облысы), «Danone Berkut» ЖШС бас директоры Жиль Бурло (Алматы облысы).

Әр номинацияда жеңімпаздар дипломдар мен естелік эмблемаларға ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер