astana-view

Атыраулық шаруалар АӨК саласында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру құралдарымен танысты

2018 жылғы 27 Желтоқсан
- Атырау облысы
6757 просмотров

АӨК саласы бойынша заңнамадағы  жаңашылдықтар туралы Атырау облысы шаруаларына «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілік орталығы ұйымдастырған кезекті оқу семинары барысында айтылды.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілік орталығы өткізетін семинарлар атыраулық ауыл шаруашылығы өндірушілер арасында жақсы танымал. Соңғы үш жыл ішінде 500-ге жуық фермер ауыл шаруашылығының түрлі салалары бойынша білімдерін толықтырды. Осы жолы оқу семинардың тақырыбы АӨК саласында мемлекеттік қызметтері цифрландыруға арналды.

«Бүгінгі семинардың басты мақсаты – АӨК саласына қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістерді түсіндіру. 2019 жылы саладағы мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылады деп күтілуде. Осыған байланысты біз шаруаларға қалай жұмыс істеу керек, нені ескерген жөн,  бағыт-бағдар беріп жатырмыз. АӨК саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – уақытында қолға алынған шара. Бұл шара шенеунік пен шаруаның кездесуін болдыртпайды деп күтілуде. Сонымен қатар уақыт үнемделеді, өйткені өтінімдер онлайн режимде берілетін болады. Айта кетелік, мұндай семинарларды өткізу үдерісі жалғаса береді, осылайша біз цифрлық форматқа өту үдерісін жеңілдетеміз», – деді семинар тренері Сағынғазы Құрманалин.

 Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тыңдаушылармен бірге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығында мемлекеттік қолдау шараларын қарастырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мен жабдықтарын сатып алуға арналған қолжетімді қаржы құралдарының тізімімен танысты. Сонымен қатар мамандар бухгалтерлік және қаржылық заңнамадағы салық салу туралы ақпарат берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер