astana-view

Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2014 жылдың қаңтарында 12,2%-ға өсті

2014 жылғы 08 Сәуір
4458 просмотров

Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2014 жылдың қаңтарында 12,2%-ға өсті. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік кеден қызметінің қаңтар айына арналған жедел ақпаратында айтылған, деп хабарлайды Bnews.kz 

Сауда көлемі 752,7 мың долларды құрады. 2013 жылы аталған көрсеткіш 374,4 мың долларға жетті. Тауар айналымындағы импорттың үлесі 989,47 мың долларды, экспорт 763,22 мың долларды құрады. 

Қырғызстанның тауар айналымындағы Қазақстанның үлес салмағы қаңтарда 11,5%-ға жетіп, Ресей, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінен кейінгі төртінші орынды иеленді. 

Қырғызстан Қазақстанға электр энергиясын, сүт өнімдерін, жеміс-жейдектер мен киім жеткізеді. 

Қазақстаннан Қырғызстанға бидай, көмір, ұн, өсімдік майы, минералды шикізаттар тасымалданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер