astana-view

Мемлекеттік сатып алулардағы жаңашылдықтар талқыланды

2019 жылғы 08 Ақпан
- Қостанай облысы
5258 просмотров

Сатып алулар және бір көзден қызмет түрінің шекті сомасын ұлғайту, демпингке қарсы шаралар, «трольдерден» қорғау, мемлекеттік сатып алуалр порталының ақылы қызметі... Бұл және басқа да заңнамалық жаңашылдықтар Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында талқыланды.

Семинар кәсіпкерлердің өтінішімен ұйымдастырылды. Бизнесмендер және бухгалтерлердің  сауалдарына Қостанай облысы мемлекеттік сатып алулалар басқармасының жетекшісі Оксана Кочкурова жауап берді.

«Сатып алуларға бағалық ұсыныстар әдісімен қатысу кезінде міндетті үш пайызды кепілдеме жүзеге асырылады. Бұл жағдайда кепілдіктерді беру мерзімінің аяқталуына дейін міндеттемелердің толық және тиісті түрде орындалуы жағдайында жеткізуші кепілдік сомасын төлемесе болады. Демек, егер 10 күн ішінде тауар жеткізілімі орындаласа, онда кепілдікті төлеудің қажеті жоқ», – деп түсіндірді Оксана Кочкурова.

Заң тармақтарының басым бөлігі мемлекетік сатып алуларды оңтайландыруға бағытталаған. Мәселен, сатыпа алулардың бір көзден әдісімен шектік сомасы 100-дег 500 АЕК-ке дейін ұлғайды. Осылайша шағын сатып алулар бойынша процедуралар жеңілдеді. Негізінен бұл норма шағын бюджеті бар тапсырыс берушілерге қатысты болады (балабақшалар мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдениет үйлері, интернаттар, қарттар үйлері).

 Бұған қоса енді тапсырыс берушілер сапалы тауарларды сатып ала алады өйткені құжаттамада фирмалардың атауын жазу құқығы беріледі. Осылайша контафактілі өнімді жеткізуге жол берілмейді.

 Демпинг мәселесі белсенді шешілуде. Жаңа Заңда «демпингтік баға» деген нақты түсінік бар. Демпингтің шектік пайызы құрылыс-монтаждық жұмыстарда –10%, жобалық-сметалық құжаттамада – 15%, техникалық қадағалау қызметі – 15% деп белгіленді. Егер жеткізушілер байқау ойнатқанда бірдей көрсеткішке ие болса, онда жеңудің негізгі критерийі салықтық төлемдердің жасалауымен өлшенеді.

Сонымен қатар Заңда адал кәсіпкерлерді кәсіби шағымданушылардан немесе «трольдер» деп аталатын топтан қорғау бойынша түзетулер енгізілді. Аталмыш трольдер мемлекеттік сатып алуларды болдыртпағандары үшін заңсыз пайда тауып отыр. Олар өтінімді байқауға қатысу үшін емес, басқа қатысушылар туралы ақпарат алу мақсатында қатысады. Сондықтан мемлекеттік порталға кіру ақылы болды. Енді байқау өтінімі қамтамасыз етуін енгізбеген кәсіпкерелер басқа қатысушылардың құжаттарын көре алмайды. Мұндай кәсіпкерлердің шағымы да қаралмайды.

 Алайда бір көзден жасалатын сатып алуларды талқылау кезінде сұрақтар көп болды. Жаңа Заңда 53 негіздемеден бесеуін алып тастады. Бұған қоса, егер сатып алулар өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер оларды екінші рет өткізуге міндеттеледі. Бұл шара бір көзден жасалатын сатып алуларды қысқартуға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер