astana-view

Өнеркәсіпті қолдау бойынша стратегиялық келісімдерге қол қойылды

2019 жылғы 11 Ақпан
4224 просмотров

«Самұрық-Қазына» Қорының алаңында сатып алулардың бекітілген категориялық стратегиясы шеңберінде Қор және қазақстандық кабель-өткізу өнімін өндіруші зауыттары арасында серіктестік туралы стратегиялық келісімдерге қол қойылды

Кабельді-өткізу өнімдері сатып алуларының категориялық стратегиясын әзірлеу «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен «Қазақстан кабель зауыттарының қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп жүргізілді.

 «Бұл келісімге қол қою отандық өндірушілерге кепілдендірілген өткізу нарықтарын қамтамасыз етсе,  Қор компаниялары үшін – сапа мен баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етіп, адал жеткізушілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Қуат Қожахметов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту департаменті директоры Тимур Дүйсебековтың айтуынша, бұл келісім «Атамекен» және Қордың өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы бірлескен жұмысының бір парасы ғана.

«Бірлесіп атқарылған жұмыс арқылы Сатып алулар ережелеріне отандық тауар өндірушілеріне артықшылық беру, қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою және төлем жасау мерзімдерін белгілеу, отандық тауар өндірушілер арасында сатып алулардың категориялық стратегиялары, ұзақ мерзімді келісімдердің өзектілігі, оффтейк-контрактілерді жасау мүмкіндігі енгізілді. Кабельді-өткізу өнімі сияқты арнайы аяқ киім сатып алуларына да категориялық стратегия әзірленді. Келешекте тура осылай басқа да тауарлар бойынша стратегиялар әзірленеді деген ойдамыз», – деді Тимур Дүйсебеков.

Қатысушылар жоба командасының сапалы жұмысын атап өтті. Кабельді өткізу өнімін өндірушілердің өкілдері өз тараптарынан қажетті көлем, сапа мен бәсекеге қабілетті бағаларға кепіл беріп отыр.  

 «Қордың «Атамекен» және қауымдастықтың  атсалысуымен өткізген білікті өндірушілерді іріктеуі – техногендік апаттарды да, адам шығынан да айтарлықтай азайтуға жол ашады», – деді «Казэнергокабель» АҚ бас директоры Владимир Бобров.

«6 млрд теңге деңгейіндегі кепілдендірілген өткізу нарығы саланы қалпына келтурге мүмкіндік береді. Сала 2017-2018 жылдары 40%-ға дейін құлдырады. Бүгін қол қойылған келісімдер – өнеркәсіп үшін жаңа леп іспетті. Өз тарапымыздан біз қажетті сапа мен келісілген көлемді бәсекеге қабілетті бағада қамтамасыз етуге дайынбыз», – деді «Қазақстан кабель зауыттарының қауымдастығы» ЗТБ президенті Рафаэль Уразбахтин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер