astana-view

Жер реформасы: «Атамекен» Грузияның тәжірибесін пайдалануды ұсынады

2019 жылғы 15 Ақпан
3486 просмотров

Құрылысқа арналған жер учаскелері туралы ақпараттың қолжетімдігі, сонымен қатар инженерлік коммуникациялар желілеріне қосылу нүктелері туралы мәселелер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды

 Жиынға өкілетті мемлекеттік органдар, табиғи монополиялар субъектілері және жерге орналастыру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстелдің отырысы барысында келесі мәселелер:

  • еркін қолданыста инженерлік коммуникациялар туралы ақпаратты орналастыру;
  • бос жер учаскелері туралы ақпаратты орналастыру;
  • аукциондарды өткізуге қатысты мәселелер;
  • егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге және жобалау үшін бастапқы құжаттарды алуға байланысты жалпы мәселелер;
  • Астана қаласының интерактивті  картасы мысалында барлық елдімекендерге бірыңғай үлгіде интерактивті карталарды әзірлеу мүмкіндігі қаралды.

Бұдан бөлек Грузияның жер реформасын жүргізу бойынша тәжірибесі талқыланды, реформа келесі бағытта жүргізілген:

  1. Мемлекет азаматтарға құрылыс жүргізуге бос жер учаскесін табуға мүмкіндік берді;
  2. Азаматтар өздерін қызықтыратын бос жерді тауып, жер учаскесі шекараларын белгілеу мақсатында жерді орналастыру қызметін жүзеге асыратын компанияны жалдайды;
  3. Жер учаскесі туралы ақпаратты муниципалитетке хабарлайды, бұл орган берілген құжаттар негізінде аукционды ұйымдастырады.

Осы реформа арқылы 2005-2008 жылдар аралығында жердің үлкен территориясы жеке иелікке берілді, ал жер сатудан түскен сомалар осы жылдары ел бюджетіне түскен жалпы салымдардың 13%-дан астамын құрады, ал 2004 жылы бұл көрсеткіш небәрі 3%-ды құраған.

 Осы ретте Грузиядағы жер реформасы мемлекет үшін қаржылық пайданы көздеген жоқ, негізгі мақсат – жер учаскелерін пайдаланудың өнімділігі еді. Өйткені жердің ең үздік иелері – жеке иеліктер екені белгілі.  

 Жер аукциондарын өткізу тәжірибесі аукциондар халық арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. Жер учаскелерін акционды формада өткізу анағұрлым тиімді және елдімекендердегі жерлерді максималды игеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

 Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жер учаскелерін тиімді игеру бойынша реформаны Грузия тәжірибесін пайдалана отырып жүргізуді ұсынды, ол үшін келесі шараларды өткізу қажет:

  • Үкімет және әкімдіктерге жерлерді жаппай игеру туралы реформаны жариялауы;
  • Әр азамат, кез келген ұйым бос жер учаскелерін табуға және аукционға шығару үшін ұсынуға құқылы болуы;
  • Жерлерді беру ашық аукциондарды өткізу арқылы берілуі, әр азамат аукционға қатысуға тең құқыққа ие болуы;
  • Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған ұйымдарды тарту. Аталған ұйымдар бос жер учаскелерін аукционға шығару үшін ұсынуға құқылы болуы керек. 

Осы ұйымдарды ынталандыру мақсатында келесі шаралар ұсынылады:

  1. жерге орналастыру қызметін жүргізу бойынша олардың шығындарын  кем дегенде 2 есе өтеу;
  2. шығындарды өтеу жерді аукционда сатқаннан соң жасалауы тиіс, осы шара өтімді жерлер және әлеуетті сатып алушыларды іздеуге жол ашады;
  3. шығындарды жер учаскесі бағасына салуға болады.

Аукциондардың ашық жүргізілуін және барлық азаматтардың тең құқықтарын ұстануын қамтамасыз ету қажет.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің шығындарын қасқарту мақсатында елдімекендердің карталарына бірыңғай талаптарды әзірлеу ұсынылып отыр. Бұл карталар егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, қызық жолақтар, бос жер учаскелері, қуаттылығы және қолжетімділік нүктелерін көрсетумен инженерлік коммуникациялар туралы ақпаратты қамтуы керек.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер