astana-view

Қостанайлық бизнес ханым араб миллионеріне сәукелені сыйға тартты

2019 жылғы 15 Ақпан
- Қостанай облысы
8702 просмотров

Евгения Домбаева Қазақстан іскер әйелдердің делегациясы құрамында Дубайға барып келді. Тігін ательесінің иесі Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдан тігілген сәукеле апарып, сапардан пайдалы тәжірибе және беделді фэшн-көрмеге шақыртуды алып қайтты

Біріккен Араб Әмірліктері – әйелдер кәсіпкерлігі үшін қолайлы мемлекеттердің бірі екені жасырын емес. Жергілікті бизнес ханымдар кәсіп жүргізуде көптеген қолдауға ие. Сондықтан Қазақстан Іскер әйелдер кеңесі бірнеше жыл қатарынан Біріккен Араб Әмірліктерінің Іскер әйелдер кеңесімен тығыз жұмыс істеп келеді.

«Егер әйел Біріккен Араб Әмірліктерінде кәсіп ашқысы келсе, үкімет оның кез келген елдегі оқуын төлеп береді. Сонымен қатар әйелдерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Осындай мүмкіндіктер қызықтырды», – деп бөлісті Евгения Домбаева.

 Арабтың бизнес-ханымы, миллионер Риид Аль Дхахери Форумның бас демеушісі атанды. Евгения Домбаева жеке ательесінде қолдан тігілген әшекейлі сәукелені Риид ханымға сыйға тартты. Қалыңдықтың ұлттық бас киімінің сән-салтанаты форум қатысушыларының тамсандырды. Өз кезегінде Евгения да араб қолөнершілерінің жұмыстарын бағалады. Қостанайлық кәсіпкер жоғары сән көрсетіліміне шақырту алған.

 «Бұл ер адамдар қатыспаған жабық іс-шара болды. Сондықтан хиджабтар болған жоқ. Кешке, тойға арналған көйлектер өте әдемі болды. Осы шарада мені ұлттық стильдегі көрмеге модельер ретінде қатысуға шақырды. Аталған көрсетілім пайдалы іскерлік байланыс орнатудың бастауы болады деген үміттемін», – деді Евгения Домбаева.

Кездесу нәтижесінде БАӘ Іскер әйелдер кеңесі және Қазақстан Іскер әйелдер кеңесі арасында ынтымақастық туралы меморандумға қол қойылды. ОныІң аясында бірлескен жобалар мен бағдарламалар әзірленеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер