astana-view

Тұрғын үй саласында біліктілік орталығы құрылмақ

2019 жылғы 18 Ақпан
2646 просмотров

«Тұрғын үй саласында біліктілік орталығы» жобасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында екі күндік семинарлар шеңберінде таныстырылды

Жобаны «Шаңырақ» тұрғын үй секторындағы қызмет көрсету және энергетикалық қызметтерді басқару субъектілерінің қауымдастығы» ЗТБ әзірледі. Орталықтың негізгі мақсаты – одан әрі технологиялар трансфертін жүргізу, мамандарды даярлау, бірлескен энергетикалық тиімділікті жоғарылату жобаларын әзірлеу және іске асыру мақсатында – Қазақстан мен Германияның іскер топтары арасындағы іскерлік байланыстарды орнатуға жағдай жасау.

 Орталықты құру – «Атамекен» ҚР ҰКП, «IWO-Инициатива» Шығыс Еуропада тұрғын үй шаруашылығы», «Шаңырақ» тұрғын үй секторындағы қызмет көрсету және энергетикалық қызметтерді басқару субъектілерінің қауымдастығы», және «Берлин қаласының үлкен тұрғын үй кешендері бойынша біліктілік орталығы» арасындағы Ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумды жүзеге асырудағы алғашқы қадам болмақ.

 Сонымен қатар Қазақстан және Өзбекстанның басқарушы компаниялары, пәтер иелерінің кооперативтері, мемлекеттік органдар және «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері екі күн бойы «Атамекен» ҚР ҰКП және «IWO-Инициатива» Шығыс Еуропада тұрғын үй шаруашылығы» арасындағы үш жылдық ынтымақтастық шеңберінде семинарларға қатысты.

 Украинадан келген сарапшы «Тұрғын үй басқарушылары үшін стандарттарды әзірлеу – тұрғын үй мүлігін басқарушыларға қойылатын біліктілік талаптары. Украина тәжірибесі» атты семинар аясында тыңдаушылар сұрақтарына жауап беріп, Украинадағы тәжірибе туралы ақпаратпен бөлісті. Айта кетелік, Украина заңнамасындағы өзгерістер басқарушылардың білімі мен біліктілігін кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Демек, халыққа көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасы артпақ.

 Екінші семинарды германиялық маман жүргізді. «Дұрыс санациялау, қателіктерден қашу – үйді жылыту туралы» атты семинар аясында тыңдаушылар санациялау кезінде орын алатын қателіктер, сонымен қатар Германияда жетекші «Caparol» жылу оқшаулайтын материалдарды қолдану бойынша жетекші компанияның тәжірибесі туралы толымды ақпарат берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер