«Атамекенде» азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер қаралуда
Құрметті кәсіпкерлер!
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына азаматтық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ ағылшын және еуропалық құқықтарының принциптері мен ережелерін қолдану негізінде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша түзетулердің салыстырмалы (алдын ала) кестесі келіп түсті.
ҚР Әділет министрлігі алаңында ғалым-цивилистер, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес субъектілері өкілдерін тарту арқылы жұмыс тобы құрылды, онда әзірлеушілер ұсынған түзетулерді талқылау басталды. Талқылау қорытындысы бойынша сәйкес заң жобасы әзірленбек.
Түзетулер 4 бағыт негізінде қалыптастырылды:
- Шығындарды өндіріп алу жауапкершілігінің мәселелері.
- Жаңа келісімшарттық конструкциялар.
- Адалдық принципін күшейту. Агенттік келісімшарт.
- Диспозиция принципін күшейту/кәсіпкерліктің жағдайын жақсарту.
Тұжырымдамада көрсетілгендей: «..заң жобасын әзірлеу қажеттілігі іскерлік практика, әсіресе кәсіпкерлік қатынастар саласындағы қажеттіліктерге байланысты. Аталған қажеттіліктер ағылшын заңдарынан және жеке еуропалық жеке құқықтың типтік ережелерінен бірқатар жеке заңдық идеялар мен конструкцияларын отандық заңнамаға бейімдеу немесе басқа ықтимал қабылдау формасы арқылы қанағаттандырылады..».
Салыстырмалы кесте мазмұнымен танысуды ұсынамыз, егер құжатқа қатысты ұсыныстар және (немесе) ескертпелеріңіз болса, ақпаратты мына электронды поштаға жолдауларыңызды сұраймыз: a.abdullina@atameken.kz
Салыстырмалы кесте мәтіні мына сілтемеде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: