astana-view

«Бастаудың» бірінші легіне 300 павлодарлық қатысады

2019 жылғы 13 Наурыз
- Павлодар облысы
7113 просмотров

Өңірде «Бастау» жобасы басталды

Бұл жоба «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді.

ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісованың айтуынша, оқытудың алғашқы легі Ақтоғай, Железин, Аққулы, Май, Павлодар, Успен, шербақты аудандарын, Ақсу және Екібастұз шағын қалалары, сонымен қатар облыс орталығы – Палодар қаласын қамтиды.

«14 наурыздан бастап партаға 300-ге жуық тыңдаушы отырады. Бұл кезеңге дейін іріктеу жүргізілді, оның барысында үміткерлер жеке кәсіп ашуда жақсы дайындықтарын көрсетті. Биыл 900-ға жуық тыңдаушыны оқытуды жоспарлап отырмыз. Жоба кәсіпкерлік машықтарға үйрету және әрі қарай жобаларды сүйемелдеуге бағытталған. «Бастауға» қатысушылар жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуетке ие өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар», – деді Әнел Жампейісова.  

 Айта кетелік, былтыр «Бастау» жобасымен жалпы сомасы 843,3 млн теңгеге 224 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, 727 тыңдаушы жеке кәсіпті дамытуға мемлекеттік гранттарды алды.

 Оқудан өтіп, кәсіп ашқандардың қатарында Аққулы ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны Ерболат Есенгелдин бар.  Бастапқыда ол «Бизнес-Кеңесші» қысқа мерзімді курстарды таңдаған болатын, бірақ кейін оның таудауы «бастау» жобасына ауысты. Бір ай ішінде Ерболат Есенгелдин кәсіпкерлік негіздері арқылы білім алды. Қазіргі кезде Ерболат Жамбыл ауылында бетон бұйымдарын жасаумен, сонымен қатар дәнекерлеу бойынша қызметпен айналысады. Екі жұмыс орнын құрды. Алынған грант арқылы кәсіпкер дәнекерлеу аппаратын сатып алды.

«Атамекен» ӨКП Аққулы аудандық филиалының директоры Дастан Бейсенбаевтың айтуынша, Ерболат Есенгелдин көптеген қалалық ұсыныстарға қарамастан туған ауылда кәсіп ашып, қызмет етуді таңдаған.

 «Бастауыш кәсіпкер ауыл шаруашылыңын қолға алмақ, өйткені қолдныстағы бизнес маусымдық және бизнесте басқа бағыттарды іздеуге уақыт бар», – дейді Дастан Бейсенбаев.

 Кәсіпкер Ерболат Есенгельдин бұл жоба ауыл тұрғындары үшін маңызды екенін айтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер