astana-view

Алматыда жекеменшік балабақшаны заңсыз жабуға тырысып жатыр

2019 жылғы 29 Наурыз
- Алматы қаласы
4541 просмотров

Алматы қаласының Түрксіб ауданында жекеменшік балабақшаны басқаратын «БТК Групп» ЖШС директоры Ләззат Сматова Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына көмек алуға  жүгінді.

Кәсіпкердің айтуынша, Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік басқармасы және Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты, балабақшаның аумағын коммуналдық меншік ретінде қарастырып, ЖШС-нан жер телімін пайдалану жылдары үшін өтемақысын талап етуде. Мемлекеттік органдар сот процесін бастаған.   

Әкімшіліктің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, мекемеге Алматы қаласының коммуналдық меншігі берілген, алайда аталған ЖШС ол жерді заңсыз түрде пайдаланып отырған делінеді.

Ляззат Сматова

Алайда, басқарманың айтуынша, бұл ғимарат 2006 жылдан бері «БТК Групп» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында.  ЖШС 2006 жылдан бастап сол жердің шығындарын өтеп, салықтарын төлеп, коммуналдық қызметтерді көрсетіп, қызметкерлер мен тәрбиеленушілерді штатпен  қамтамасыз етіп отырған.  Яғни, мемлекеттік мүлік басқармасы жер теліміне ешқандай қаражат салмай, оны қайтарып алуды талап етуде. Сонда-ақ, бірінші сот отырысында Мемлекеттік мүлік басқармасы үйді ұстауға өкілеттігі бар екенін көрсете отырып, сотты шатастырған, ал сот өз кезегінде қолдау құжаттарын талап етпей және бірінші шешімін мемлекеттік органның пайдасына қабылдаған. Кейінірек апелляциялық кеңес бірінші сатыдағы сот республикалық меншіктен коммуналдық меншікке мүлікті қалай тапсырғанын мәлімдеді, қаржы басқармасының қандай өкілеттіктері барында айтқан болатын. Түрксіб ауданы әкімшілігіне осы ғимараттың меншік құқығы 2018 жылдың 25 шілдесінде тіркелді.  Бұл дегеніміз осы сәттен бастап мемлекеттік органдарда да шағым жасауға құқығы бар.

«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте, аталған кәсіпкерге 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап өткен жылдардың қаражатын есептеп берген», – дейді Кәсіпкерлер палатасының құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Салтанат Лесбаева.

Оның айтуынша, қазір кәсіпкердің пайдасына екі сот шешімі бар. 2019 жылғы 23 қаңтарда апелляциялық кеңес экономикалық сотта мемлекеттік мүлікті мұқият көшіру және жоғалтқан табысты 32 млн теңгеден артық қайтару туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін қобылдаған. Сот «БТК Групп» ЖШС пайдасына шешім шығарған, алайда  мәселе әлі де шешілмеген.

Сот процесі аяқталғаннан кейін Түрксіб ауданы әкімдігі «БТК Групп» ЖШС-мен жасалған 2018 жылдың 3 қаңтарында «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы келісімшартты бұзу туралы бұйрық шығарған  (2019 жылға арналған бюджет шегінің көлемі 12 870 936 теңге).  Әкімдік, өз тарапынан, осы келісім-шартты заңсыз түрде тоқтатуда.

«Әкім аппараты өзінің іс-әрекетіне қолдау көрсету үшін келісімшарттың қолданыстағы заңнамасын бұза отырып жасалғанын көрсетеді, алайда ол ЖШС-ның кінәсінен емес, мемлекеттік органның кінәсінен болғанына назар аудармауда. Нәтижесінде 39 бала аз қамтылған балабақшаға бару мүмкіндігінен айырылады, ал ата-аналары қосымша қаржы шығындарына ие болып отыр. «БТК Групп» ЖШС тараптары арасында мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру бойынша осындай келісімшарттар 2015 жылдан бастап жасалды, онда міндеттер дұрыс орындалды және әкімнің шағымдары болмады», – деді өз сөзінде Салтанат Лесбаева.

«Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттігі 2006 жылы ЖШС-ге арыз бермеген.  Біз соттық жұмыстарымен бұл мүлікті мемлекеттік активке берген сәттен бастап айналыстық. Бізде не бар? 2016 жылдың 27 қазанында Майлин көшесі 29 мекенжайы бойынша Алматы қаласының коммуналдық меншігіне орналасқан екі объектіні (шамамен – «Теремок-1», «Теремок-2» балабақшалары) жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік мүлік комитетінің шешімі бар. Сондықтанда біз ЖШС-ға ғимаратты босатуды ұсындық» – деп жауап берді Алматы қаласы Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі басқарма бастығы орынбасары міндетін атқарушы Алмас Жарболов.

Кеңестің қорытындысы бойынша Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік басқармасы мен «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ әрекеттері негізсіз және заңсыз деп танылды. Кеңес мәселені жан-жақты зерделеу және тиісті шараларды қабылдау үшін Алматы қаласындағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментіне және Алматы қаласының прокуратурасына хат жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер