astana-view

Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған құжаттар электронды форматта қабылданады

2019 жылғы 01 Сәуір
4705 просмотров

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған құжаттарды тапсыру электронды форматта жүзеге асады

Сертификаттаудың электронды форматқа ауысуы бизнес субъектілеріне түсетін ауыртпалықты азайтады, сертификаттаудың барлық процедураларының бақылануын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, шығу тегі сертификатын алудың бүкіл процесін оңтайландырып, тиімділігін арттырады.

 Сертификатты алуға өтінімді және құжаттар топтамасын online режимде электронды форматта тапсыруға болады. Құжаттардың қағаз жүзіндегі топтамасын өткізу үшін Кәсіпкерлер палатасына барудың қажеті жоқ, процедураны қашықтықтан жасауға болады.

Өтінімді беру үшін https://doc24.kz/ сайтында тіркеліп, немесе Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында «Сертификаттау» сервисіндегі сілтемеге өту қажет.

Осылайша, өтінім беруші уақытын үнемдеп, Кәсіпкерлер палатасына дайын сертификатты алып кету үшін ғана келетін болады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы барлық Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында кәсіпкерлік субъектілері электронды өтінім беріп, құжаттар топтамасын тапсыра алуы үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейтінін хабарлайды.

Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған өтінімдер және құжаттарды қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды, ал «СТ-KZ» сертификатын алуға өкілетті тұлғанын келуі регламенттелген жағдайда – 2 жұмыс күнін құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер