astana-view

Нұр-Сұлтан қаласында өндірістік алаңдар жеңілдікпен жалға беріледі

2019 жылғы 01 Сәуір
- Астана қаласы
3737 просмотров

 Елордада ауданы 1000 шаршы метрден асатын өндірістік алаңдар жал құнынсыз беріледі. Кәсіпкерлер коммуналдық төлемдерді ғана төлейді

Өндіріс алаңдары «Биг Шанхай» сауда кешені жанында, ЕЦ-166/10 аумағында орналасқан. Былтырдан бастап бұл ең жоғарғы қауіпсіздік түзету мекемесі жаңа мәртебеге ие болды,  енді мұнда коныс колониясы құрылды.

 Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы елорданың Қылмыстық-түзету жүйесі департаментімен бірлесіп, ашық есік күнін ұйымдастырды, оның барысында ұсынылып отырған өндірістік алаңдар таныстырылды.

 «Мекеме металл өңдеу, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, пластик терезелері өндірісі, тігін цехтерін беруге дайын. Қазіргі таңда 1000 шаршы метрге жуық алаң бос тұр. Жалдау құны алынбайды, жалға алушылар коммуналдық қызметті ғана төлеп, қажет болып жатса, жөндеу жұмыстарын жүргізеді», – деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

 ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанар Төребекованың айтуынша, аталған мекеме қаланың бизнес-қоғамдастығымен бұрыннан бері ынтымақтасып келеді. Мұнда түрлі ұйымдар жұмыс істеп, бостандықтан айырылғандарға жұмыс орнын берген болатын. Түзету мекемесінің мәртебесі ауысқан аралықта бұл практика тоқтатылды.

 «Қаладағы жоғары бәсекелестікті ескерсек, кәсіпкерлер үшін бұл жақсы мүмкіндік. Кейбір цехтерге жөндеу жүргізу керек, ынта болса, орынжайларды ретке келтіріп, жұмыс істеуге болады. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы мекеме және бизнес арасында ынтымақтастықты жолға қоюда атсалысуға дайын», – деді Жанар Төребекова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер