astana-view

Елордалық кәсіпкерлер әлемге танымал тренерден көркем сөйлеуді үйренуде

2019 жылғы 05 Сәуір
- Астана қаласы
3695 просмотров

Астаналық Кәсіпкерлер палатасында бірегей шеберлік сабағы өтті. Оны дауыс қоюдың әлемдегі №1 тренері Мария Струве өткізді

Ашық VIP шеберлік сабағын тыңдауға бірнеше ондаған адам келді. Танымал тренер айтқан дәйектермен көпшілік келісті: шешен сөз бен көркем дауыс – табысқа жетудің кепілі.

«Кәсіпкерге  көркем дауыс керек пе? Әсіресе сатушыларға керек пе? Елестетіп көріңізші, егер мен сізге қаламды сатып алуға жағымсыз немесе қырылдап қалған дауыспен ұсынатын болсам, сатып алар ма едіңіз? Қайдам. Сондықтан дауыс қою да, оны басқара білу де өте маңызды», – деп бастады дәрісін Мария Струве.

Бірегей әдістемелердің авторы адамның өз даусын басқару қабілеті өзгелердің алдында үлкен артықшылық деп атап өтті. Жиілік, тембр, дыбыс – тыңдаушылар назарын басқаруға, санаға әсер етуге мүмкіндік беретін  құралдар.

  «Бірде клиенттерімнің бірі – дүкен иесін залдан жағымсыз, жіңішке даусы бар менеджерлерді алып тастап, жағымды даусы барларды қалдыруды сұрадым. Сіздер таңқаласыздар, алайда олардың осыдан кейін сатылымдары бірнеше пайызға артқан!», – деді тренер.

 Мария Струве – адамға ән айту, сөйлеу қабілетін қайтара алатын, 4 күн ішінде өзгелерге өзін тыңдатып, назар аудартуды қалпына келтіре алатын әлемде жалғыз адам. Оның тыңдаушылары арасында Сатти Казанова, Александр Рева, Доминго, Юлия Плаксина, Данелия Тулешева бар.

 Ерекше технология дауысты «ашып», оның мықтылығын, тереңдігін зорайтуға, бүкіл диапозонда жұмыс істеуге, көркем сөйлеуге және дауысқа қатысты кемшіліктермен қош айтысуға мүмкіндік береді.

 Автордың айтуынша, дауыстағы олқылықтарды алып тастау адамның бүкіл ағзасына, қимыл-қозғалысына оң әсер етеді. Өйткені көп жағдайда адамның дауысы психологиялық қысымдар нәтижесінде «қысылып» қалады.

 Шеберлік сабақ барысында Мария теорияны айтып қана қоймай, сонымен қатар дауыс желбезектеріндегі кернеуді алып тастауға, дауысты «босатуға» мүмкіндік беретін бірнеше практикалық жатттығулармен бөлісті.

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов бизнес саласындағы осындай тегін шеберлік сабақтар, семинарлар мен дәрістер тұрақты түрде ұйымдастырылатынын айтты.

 «Қатысам деушілердің барлығын шақырамыз. Толық ақпаратты Кәсіпкерлер палатсынан мына мекенжай бойынша білуге болады: Республика көшесі 24, «Парасат» бизнес орталығы», – деді Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер