astana-view

Елімізде корпоративті басқару деңгейін анықтайтын жүйе жасалмақ

2019 жылғы 18 Сәуір
3286 просмотров

«Атамекеннің» кезекті отырысы корпоративті басқару тұжырымдамасы құрылымын талқылауға арналды. Отырыс барысында Тұжырымдамаға негізделген, барлық комитеттердің және Ұлттық стандарттық Корпоративті Басқару мүшелерінің  рөлін айқындап беретін және шешімін таппаған бағыттарды анықтайтын басты қадамдар таныстырылды.

Корпоративті басқарудың пайда болғанына көп жыл бола қойған жоқ. Корпоративті басқару білім мен тəжірибенің жеке жүйесі ретінде 20 жыл бұрын қалыптаса бастады. Маңызды, əрі басты кезеңі деп 1999 жылдың мамыр айын санауға болады.

«G20/Экономикалық серіктестік және даму ұйымының, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының, Ұлыбритания Корпоративті басқару Кодексі секілді  корпоративті басқару принциптерін толықтай  зерттеуіміз қажет.Осылайша біз Қазақстанға қажетті форматты анықтайтын боламыз», - деп ұсыныс білдірді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрайымы, Ұлттық стандарттық Корпоративті Басқару мүшесі  Елена Бахмутова.

«Бұндай Тұжырымдаманы жасау және  бекіту барлығымыздың бір бағытқа жүріп, бір әдістемені пайдалануымыз үшін керек. Қазір Ұлттық стандарттық Корпоративті Басқару құрамында өзіндік әдісі мен өзіндік көзқарасы бар ондаған маман қызмет етуде. Сондықтан да жеке көзқарасты сыйлай отырып, оның жетегіне еріп кетпеу үшін бұл керек дүние»,- деді «Саят жолшы және оның серіктестері» ЖШС  өкілі Арман Бердалин.

Сондай-ақ, елімізде ішкі нарықтың тоқтаусыз өсуіне және ұзақ мерзімді қаржыландыруға деген сұраныс артуына байланысты Тұжырымдамадан бөлек оны бағалау әдістемесі де жасалмақ.

Ақша салғысы келген инвесторлар үшін қазақстандық компаниялардың корпоративтік басқару рейтингі ақпарат алудың тамаша әдісі болмақ.

Құжаттар жобасы Ұлттық стандарттық Корпоративті Басқару отырыстарында талқыланып, жыл соңында бекітілуі тиіс.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер