astana-view

Алматыда ойын автоматтарына белгіленген салық көлемі азайтылды

2019 жылғы 19 Сәуір
- Алматы қаласы
2680 просмотров

Ойын автоматтарыны салығының азайтылуы – «Атамекеннің» және салық органдарының бірлескен жұмысының  нәтижесі

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықтың мүддесін қорғап шықты. Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасымен мен МКД бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында, Алматы қалалық мәслихаттың қолдауымен 2019 жылдың 8 сәуірінде, Алматы қалалық мәслихаты, Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін тіркелген салықтың жаңа бағамдарын бекітті. Ойын автоматтары (балалардың ойын-сауық аттракциондары), ойын жолдары (боулинг), бильярд үстелдері үшін салық бағамдары айтарлықтай төмендеді.

«Ойын залдарында ұтыссыз ойын автоматтарына, ойын жолдарына, картингтерге, бильярд үстелдеріне және дербес компьютерлерге тіркелген салық бағамдарын төмендету туралы мәселе бұрыннан талқыдағы мәселе болған. Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына спорттық-ойын-сауық мекемелерінің иелерінен, салық салуды қайта қарау туралы өтінішпен, 20 өтініш келіп түсті, оның 4-еуі ұжымдық шағымдар. Бизнеске қысымды азайту мақсатында, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қоғамдастық атынан Алматы қаласының мәслихатына БСМ (тіркелген жиынтық салық) бағамдарын төмендету жөнінде өтініш жолдады. Ұсыныстар экономикалық негіздеуден және кәсіпкерлік субъектілердің қызметіндегі қолданыстағы БСМ бағамдарының теріс әсерінің егжей-тегжейлі талдауынан болды.  Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бұл ұсыныстарды қолдады», - деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тлеумұратов.

Тіркелген салық бағамдарының төмендеуі осы жүйедегі салық жүктемесін 180 млн теңгеден астам төмендетуге және бұл бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді, сондай-ақ, қосымша жұмыс орындарын құруға, салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Тіркелген салық бағамдары төмендегідей:

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы үшін  – 9 АЕК;

Біреуден артық ойыншының қатысуымен, ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 13 АЕК;

Ойын өткізуге арналған дербес компьютер – 4 АЕК;

Ойын жолдары – 20 АЕК;

Карталар – 12 АЕК;

Бильярд үстелдері – 15 АЕК.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер