astana-view

Қаржы нарығын және микроқаржыландыру қызметін реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі Заң жобасы

2019 жылғы 23 Сәуір
8280 просмотров

Атамекенге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және микроқаржыландыру қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Тұжырымдамасы мен жобасы келіп түсті

Заң жобасының негізгі мақсаты қаржы нарығын реттеу мен дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін жеке мемлекеттік органға – Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей есеп беретін және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне беру.

Азаматтардағы қарыз жүктемесінің өсуі және реттелмейтін субъектілер тарапынан қарыз алушылардың мүддесі бұзылуына байланысты қарыз алушыларды қорғау механизмдерін көздеу арқылы несиелеудің барлық субъектілеріне қатысты реттеу және қадағалау құралдары енгізілуде.

Жобаны әзірлеушінің пікірінше, қазіргі таңда тұтынушылық несиелер портфелінің анағұрлым белсенді өсуі реттелмейтін секторда (ондайн несие берушілер, несие серіктестері, ломбардтар) байқалып отыр.

Заңның Тұжырымдамасы және жобасымен танысуды ұсынамыз. Тұжырымдамаға қатысты ұсыныстар мен (немесе) ескертпелеріңіз болса, ақпаратты мына электронды поштаға жолдауларыңызды сұраймыз:  b.otarbaev@atameken.kz, тел: 8 (71712) 919342

Заң жобасына қатысты құжаттар:

 Заң жобасы 

Түсіндірме жазбасы 

Салыстырма кесте

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер