astana-view

Ақмола облысында кәсіпкерлерге жер телімдері аукционсыз берілген

2019 жылғы 20 Мамыр
- Ақмола облысы
4298 просмотров

Ақмола облысында жер телімдерін қайтарып алу жұмысы аяқталуға жақын

 Осыған дейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жұмыс тобының отырысы өтті, онда жер телімдерін жалға беру жөніндегі 100-ден астам келісімшартты жарамсыз деп тану мәселесі қаралды. Жұмыс тобына өңір басшысының орынбасары, облыс прокурорының орынбасары, Көкшетау қаласы әкімдігі, Жер инспекциясы және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы республика бойынша прокуратура органдары аукционсыз берілген жер телімдері бойынша 2,5 мыңнан астам фактіні анықтады. Көкшетау қаласында осындай 379 факті анықталды. Қала прокуратурасының екі ұсынымынан кейін Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жер телімдерін жалдау келісімшарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа  100-ден астам талап арыз жіберген. Бұл жер телімдерін қайтарып алу туралы талап арыздар болды. Оның ішінде 68 талап арыз қанағаттандырылды, 15 талап арыз –қабылданбады, 21-і – қараусыз қалды.

Прокуратура қызметкерлерінің пікірінше, осы 379 факті бойынша телімдерді акцион арқылы жалға берілу керек болған. Осы ретте Көкшетау қаласы әкімдігі бұл телімдерді қалалық жер комиссиясының оң қорытындысы нәтижесінде берген.

 «Ісін адал жүргізетін кәсіпкер өтінімі мен құжаттар топтамасын Халыққа қызмет көрсету орталығына өткізіп, мемлекеттік қызметті алған соң жер телімінен айырылып қалған. Өйткені, жер телімі аукцион арқылы берілмеген. Кәсіпкер мемлекетке сенім артқан және ол уәкілетті орган процедуралық тұстарда жіберген олқылықтарға кінәлі емес. Кейбір кәсіпкерлер жер телімінен ғана емес, сонымен бірге жер телімінде жолға қойылған бизнестен де айырылып қалған», – деді Ақмола облысы ӨКП директорының орынбасары Шыңғыс Темір.

Жұмыс тобының мүшелері қалған жер телімдеріне олардың игерілуін зерттеу мақсатында толық паспорттауды жүргізуді шешті. Ол үшін жұмыс тобы жер телімдеріне барып, фотофиксацияны қолданды. Осы уақыт аралығында сотқа талап арыздарды беру процедурасы тоқтатылды. Паспорттауды жүргізу қорытындысы нәтижесінде қалған 275 факті бойынша – 121 жер телімі игерілген, 68-і – «қайталама» фактілермен болған (2018 жыл ақпан-наурыз айында Көкшетау қаласы прокуратурасы аумақтысқ жер инспекицясына 2 ұсыным жасады, онда 68 жер телімі қайталанған). Қалған жер телімдерінде жұмыс жүріп жатты, немесе жер пайдаланушылар көктемгі игеру бойынша ұсынымдар салдарынан қызметті тоқтатуға мәжбүр болған.

 Келіссөздер барысында жұмыс тобы игерілген жер телімдері немесе иегрілу үстінде тұрған жер телімдері фактілері бойынша сотқа жүгінбеу бойынша алдын ала шешім қабылдады. Зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесу мақсатында Көкшетау әкімдігіне қайтарылып алынған жер телімдерін заңды негізде, яғни аукцион арқылы беру мүмкіндіктерін қарау ұсынылды.

 Бұл мәселені Өңірлік кәсіпкерлер палатасы үнемі бақылауда ұстайды. Әр жекелеген оқиға бойынша кәсіпкерлерге жеке қолдау көрсетілуде.

  «Біз барлық фактілерді егжей-тегжейлі қарап, зерттеп жатырмыз, оң шешімдер бар. Көкшетау қаласы жеке кәсіпкерлерінің бірі бизнесі жүріп тұрған жер телімінен айырылып қалған. Біз оған кеңес беріп қажетті көмек көрсеттік, қазіргі таңда кәсіпкер заң шеңберінде дәл осы жер телімдерін қайта алды. Тура осындай көмекті біз басқа да кәсіпкерлерге көрсетудеміз», – деді Шыңғыс Темір.

 16 мамыр күні Ақмола облысы әкімінің төрағалығымен жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер