astana-view

ERG қызметкерлері «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып жатыр

2019 жылғы 21 Мамыр
- Қостанай облысы
4868 просмотров

«Торғай боксит кен басқару» кәсіпорнының («Қазақстан Алюминий» АҚ-тың Арқалық қаласындағы филиалы) 18 қызметкері «Бастау» жобасының бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Мұндай мүмкіндікті оларға ERG компаниясы беріп отыр, компания оқуды толық қаржыландырды.

«Оқу курсы 15 мамыр күні басталды. Оқуға штаттық құрылымды оңтайландыруға байланысты қысқаруға ұшыраған қызметкерлер қатысып жатыр. «Бастау» жобасының оқу бағдарламасы кәсіпкерліктің теориялық негіздері, жеке қаржылық сауаттылықты игеру, кәсіпкерлік пайымдауды қалыптастыру, бизнес-идеяны қорыту дағдыларын үйрену және басқа да пайдалы машықтардан тұрады. Бағдарлама 25 күнге шақталған, одан кейін қатысушыларға бизнес-жоспар құру және ары қарай қаржыландыруды алуда көмек көрсетіледі», – деп түсіндірді Қостанай облысы ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Жобаларды қаржыландыру жылдық 6%-бен «Атамекен-Қостанай» микроқаржы ұйымы арқылы жүзеге асады деп күтілуде. Несиелеу қаражатын да ERG компаниясы бөледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер