astana-view

Алматыда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа элективті пән таныстырылды

2019 жылғы 29 Мамыр
- Алматы қаласы
6802 просмотров

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа пән мектептің тәртібіне ресми түрде енгізіледі

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа элективті пән ашылды. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, пән республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сыныптарына оқытылады.

Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау алды. Өткен жылы еліміздің барлық өңірлерінде оқу бағдарламасы сынақтан өткізілді. Алматы қаласында пилоттық мектептің қатарына Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия енді.

«Кәсіпкерлік негіздері» – бұл тек пән емес, бұл ҚР-да кәсіпкерлік сауаттылықтың деңгейін арттыруға көмектесетін жүйе. Пән аптасына 2 рет оқытылады. Барлығы-жылына 68 сабақ. Оның ішінде 30% – теория, 70% – практика. Бағдарлама теориялық сабақтардан, ойын түріндегі практикалық тапсырмалардан, бизнес кейстерді, бизнес ойындарды талдаудан тұрады. Алдымен оқытушылар үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Оқулықтың авторлары мен бизнес-жаттықтырушылар мұғалімдерді кәсіпкерлік негіздерінің курстарымен толық таныстырады.  Жобаның серіктестері ҚазГЮУ, Алма университеті, жеке компаниялар, Қазақстан қор биржасы», – деп хабарлады  Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің сарапшысы Әлия Нұрышева.

Алдын ала, 2018 жылдың 6-17 тамыз аралығында 10 күндік оқыту қосымшалары өткізілді.  Ағымдағы жылы осы пән бойынша 1784 мұғалімге қосымша курстарды өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП мұғалімдердің контингентін республикалық деңгейде оқыту бойынша мәселесі қарастырылуда.

Жобаның мақсаты өскелең ұрпақтың бизнес-ойлауын қалыптастыру, жаппай кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер