astana-view

ДСҰ шеңберінде Қазақстанның тауарларды алып қою тізбесі кеңейтілді

2019 жылғы 31 Мамыр
1946 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті 16 мамыр күні ЕЭК Кеңесінің №44 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 «Қазақстан Республикасына қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің баж мөлшерлемелерімен және сондай баждардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда, анағұрлым төмен болатын мөлшерлемелер қолданылатын тауарлардың тізбесі туралы» шешіміне енгізілген өзгертулен күшіне енді.

 Естеріңізге салсақ, осыған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 «Кірме кедендік баждар қолданылатын тауарлардың тізбесін, тарифтер мөлшерін және олардың жарамдылығын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер күшіне енгені туралы хабарлаған болатын.

 ҚР Ұлттық экономика министрілігінің 2017 жылғы 19 ақпанда №58 бұйрығымен ҚР Бірыңғай кедендік тарифтен алып қою тізбесі және №44 шешімімен бекітілген тізбенің арасындағы айырмашылық болмашы.

 Атап айтқанда, 0301 91 900 0, 0301 99 110 0 және 0511 91 901 9 позициялар алынып тасталды, оларға қатысты ЕАЭО бірыңғай кедендік тариф Қазақстан Республикасының ДСҰ-дағы міндеттерінің деңгейіне дейін төмендетілген. Сонымен қатар 7103 91 000 9 «– – лағыл, жақұт және зүбәржат» позициясы 7103 91 000 1 «– – – лағыл», 7103 91 000 2 «– – – жақұт» және 7103 91 000 3 «– – – зүбәржат» позицияларына өзгерді.

 Қазақстан Еуразиялық экономикалық одағының мүшесі ретінде Алып қою тізбесіне енгізілген тауарлардың қадағалауын қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар Қазақстан Республикасына төмендетілген мөлшерлемелермен әкелінген тауарларды сыртқа шығаруды болдыртпайға міндетті екенін ескерсек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге ДСҰ мөлшерлемелерімен келген тауарларды елге әкелерде, бұл тауарлар Қазақстан аумағында ғана пайдаланылатынын есте сақтауды сұрайды.

 Егер төмендетілген мөлшерлемелермен елге әкелінген тауар ары қарай Қазақстан аумағынан Одаққа мүше-мемлекеттердің біріне шығарылатын болса, онда бұл тауарға Бірыңғай кеден тарифы мөлшерлемесі бойынша кедендік тазалау жүргізу қажет. Осы ретте ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифы мөлшерлемесі бойынша ҚР аумағына әкелінген Тізбедегі тауарларды шығаруға қатысты міндетті шарт – онда тауарға ілеспе құжаттар болуы керек.

 Егер сұрақтар болса, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласуды сұраймыз: (7172) 919 300 (ішкі: 2119).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер