astana-view

Атырау мен Ақтау бағытында жол бойындағы сервистің жағдайы нешік?

2019 жылғы 03 Маусым
6206 просмотров

  Қазақстанда жол бойындағы сервис қаншалықты дамыған? «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Атырау-Ақтау бағытында туристерге арналған сервисті іс жүзінде сынап көрді

 Сапар барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары жол бойындағы кафелер, қоғамдық дәретханалар, дүкендер мен басқа да нысандардың қызметін бағалай алды.

Әсерлі старт 

Ерекше миссиялы экскурсия Атырау әуежайынан басталды. Әуежайдың тығыз жүктелуіне қарамастан, дәретхана бөлмесіндегі үш кабинаның біреуі ғана, оның үстіне мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған кабина ғана жұмыс істеп тұрғаны таңғалдырды! Қалған кабиналар қанша уақыт жабық тұрғаны белгісіз. Көңілден шыққан жалғыз нәрсе – тазалық.  

 «Міне, Атырау – Ақтау бағытындағы саяхаттың басы осындай болды», – деді Олжас Ордабаев.

 Ары қарай Ақтауға дейін жол күтті

«Әзірге бір бір ақпараттық тақтайшаны, тіпті Ақтауға қарай жол сілтейтін жол жүру белгілерін де байқамадық», – деп бөлісті ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, бұл олқылық өңірге алғаш рет келген туристерге кедергі келтіретінін алға тартып.

 Жолаушыларды жергілікті табиғат тамсандырды

Жалпы, ұзақ сапар қолайлы болады деп күтілген еді, алайда мәжбүрлі аялдамалар кері пікір қалдырды. Жол бойындағы сервистің ең жақын объектісі Құлсары қаласында болды.

Олжас Ордабаев жол бойындағы сервис объектісі ұсынған дәретхана өте нашар екенін айтты. Ағаштан жасалған дәретхананың есігі «қонақжайлылықпен» ашық тұрды, саяхаттаушылар алдында жан-жағы нәжіспен бүлінген қара тесіктер көрінді, айналаны жағымсыз иіс жайлаған.  

 Ал кірпіштен салынған шағын ғана кафенің құрылысы көз қуантты: барлығы қарапайым әрі таза.

«Атырау-Ақтау тасжолындағы дәретханаларына арналған жеке қаралады,  бірақ бір-екі сөзбен айтқанда қазіргі жағдай туристердің жадында саяхаттан жақсы естелік қалдырмасы анық... Ал кафе жайлы да таза екен!», – дейді жазбаның авторы.

 Келесі аялдама Маңғыстау вокзалында болды. Вокзал шағын болса да тазалығымен қуантты.

 «Біз Ақтауға дейін жеттік! Тасжолдың беті тегіс, қозғалыс айтарлықтай үлкен. Егер сапар барысында кейбір аймақта интернет пен байланыстың үзліп кетуі, сонымен қатар жол бойындағы сервистің төмендігіне қарамастан сапар өте жағымды болды. Дала әсемдігі мен шексіз көк аспан ғажам көңіл күй сылайды! Вокзалға кіре кеттік, қоғамдық нысан туристтердің ағынына шақталмаған шағын, бірақ тап-таза болып шықты. Егер қаланы туристік бағыт ретінде дамытатын болса, онда сөзсіз вокзалды кеңейту қажет», – деп саяхатты қорытындылады Олжас Ордабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер