astana-view

«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Әлинұр Баталова және «Bata» бренді

2019 жылғы 06 Маусым
3121 просмотров

«Bata» брендінің тарихы жылдар бойы, тәжірибемен  жинақталды. Оның негізін қалаушы Әлинұр Баталова тоқығанды жақсы көрді. Бір күні ол базардан сатып алынған тоқыма бізі мен иірім жіппен тоқуды бастады. Тоқылған алғашқы заттар отбасы мүшелеріне, жақындарға, достарға тарататылатын

«Бірде түні бойы тоқып отырғанымды көрген күйеуім «Өзіңді қинап неге отырсың? Одан да тоқыма машинасын сатып алып, үйренсеңші», – деді. Сөйтіп, тоқыма машинасын сайттардан іздей бастадым.

Осылайша тоқыма машинасы алынды, оған қажетті иірілген жіп түрлері алынды. Машинаның тілін қолөнер шебері ақырындап үйрене бастады. Автордың қиялынан, машинанын біздерінен әр ілмегі біркелкі ерекше тоқыма бұйымдары, бас киімдер де жақындарға сыйлық ретінде таратылды.

 «Сонымен қатар ешкімде жоқ, ерекше зат жасағым келді. Бас киімдерді жасап жүріп, өзіміздің отандық брендімізбен байланысты ештеңенің жоқ екенін аңғардым. Осылайша, этно-бас киімдер идеясы туындады. Алғашқы бас киімдердегі ою-өрнектерді киізден қолмен жасап, салдым» – дейді шебер.

Бұл игерілмеген сала болатын, өйткені нарықтағы өнімдер қарабайыр немесе синтетикадан жасалған. Осыдан кейін  Әлинұр Баталова тағы 2 машинаға тапсырыс беріп, өнімділік арта түсті. Сол кезде шебер өндірістік тоқыма машинасын сатып алуға шешім қабылдады.

«Машинаның өндірістік қуаты үлкен, тәулігіне 200 бас киімге дейін жасай алады. Бұған жеке орын мен электр қуатын бөлу қажет болды. Қазақстанда мұндай орындар саусақпен санарлық қана. Мен ел экономикасына үлесімді қосқым келеді», – дейді Әлинұр Баталова.

Осылайша Әлинұр Баталованың сүйікті ісі кәсіпке табысты кәсіпке айналды.

«Бүгінде түркиялық өндірушілермен серіктестік орнатып жатырмыз. Бас киімдердің қолжетімді болғанын қалаймын. Осы саланы игеруді жалғастырып жатырмыз десем де болады. Иірім жіптердің бағасы қымбат. Өзекті мәселе -  кадр тапшылығы.  Машинаны бағдарламалау, басқару, жүргізу жұмыстарын, бәрін өзің жасап, өзің үйренуің қажет. Қазір 4 адам жұмыс істейді, ал машина екеу. Ассортиментімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бизнесіміз маусымдық, сұраныс артатын кезең – қараша, желтоқсан айлары», – дейді кәсіпкер.

Соңғы маусымда кәсіпорын 3 мыңнан астам өнім шығарды. Осымен тоқтап қалмай, келешекке жоспар көп. Екінші көтерме бағадағы бренд шығару туралы идея қолға алынған. Бұл желіде бас киімдер қолжетімді бағада – 2-3 мың теңгеден саудаланады.

«ALTYN OIMAQ» байқауына этно-бас киімдерімізді дайындадық. Осындай байқаулар шығармашылық шабыт беріп, сондай-ақ әріптестеріңмен, пікірлестеріңмен танысуға мүмкіндіктер ашады», – деп бөлісті Әлинұр Баталова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер