astana-view

Отандық тауар өндірушілер Кабул қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысады

2019 жылғы 13 Маусым
1668 просмотров

2019 жыл 25-26 маусым аралығында екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Кабул қаласындағы Kabul Star Hotel & Restaurant қонақүйінде ресми сауда-экономикалық миссия өтеді

Аталған іс-шараны «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Елшілігі, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырмақ.

Іс-шараның мақсаты – қазақстандық және ауғанстандық кәсіпкерлер арасында сауда қарым-қатынастарды дамыту, сонымен қатар екі ел арасында іскерлік байланысты нығайту.

 Қазақстан тарапынан миссияға өңдеу өнеркәсібінің ірі тауар өндірушілері қатысады. Аталған іскерлік кездесу ауған және қазақстандық кәсіпкерлер үшін өз тауарларын таныстырып, жаңа байланыс орнатудағы жақсы мүмкіндік.

Қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытқан ауған кәсіпкерлерін аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер