astana-view

Ақмола облысында алғашқы Индустриялық сертификат берілді

2019 жылғы 19 Маусым
- Ақмола облысы
22582 просмотров

Ақмола облысында алғашқы Индустриялық сертификатты нарықта 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «KAZYNA-SR» ЖШС иеленді

Бүгінде аталған компания өңдеу өнеркәсібі сегментінде ірі кәсіпорын, білім беретін мекемелер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және денсаулық сақтау объектілеріне арнап сериялық жиһаз өнімдерін шығарудан отандық нарықтың көш басшысы.

Бүкіл жиһазды кәсіпорын жеке өндірістік цехтарда шығарады, цехтар Целиноград ауданы Косшы ауылында орналасқан. 2018 жылды желтоқсан айында компания соңғы технологиялар және өндірісте цифрлық процестер, инновацияларды пайдалана отырып, жаңа цехты ашты, сонымен қатар  модернизацияланған сәулет және дизайнерлік бюроны құрды.

 Жиһаз өндірісін цифрландыру кәсіпорынға заманауи өнім түрлерін шығаруға, сондай-ақ корпустар мен бөлшектерді өңдеуде уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірісте жұмыс уақытының шығыны азаяды. Компания қоржынында «ҚТЖ» АҚ, Назарбаев Университеті, түрлі министрліктер және ведомстволар сынды стратегиялық объектілер көп. Жұмыс істеу кезеңінде компания 200-ден астам өнеркәсіптік және азаматтық объекті, 150-ден астам мектеп және балабақша, ауруханаларды жиһазбен қамтыды.

 19 жыл бойы кәсіпорын табыстылық пен жетістікке ұмтылып келеді, түрлі халықаралық байқаулар мен көрмелер осыған дәлел. Қазіргі таңда «KAZYNA-SR» ЖШС озық технологиялармен орындалған және жиһаз дизайнында заманауи тенденцияларды қолданатын «URTA interior decoration» атты жаңа сауда маркасын іске қосты.

  «Компаниямыз үшін Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енуге мүмкіндік беретін Индустриялық сертификатты алу өте маңызды болды. Бізде автоматтандырылған өндіріс, неміс және италиялық білдектер бар, үлкен тапсырыстарды алуды жоспарлап отырмыз.  Енді Индустриялық сертфикатты алу арқылы біз әртүрлі тендерлер мен сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін едәуір арттырдық, бәсекеге қабілеттілігімізді көрсете аламыз, сондай-ақ импорттаушылардың алдында артықшылыққа ие боламыз», – деді «KAZYNA-SR» ЖШС бас директоры Сайра Матайбаева.

Естеріңізге салсақ, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне тиісті өзгертулер енгізді. Олар 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бірінші кезекте ережелерге жасалған өзгертулер жиһаз өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарына қатысты болмақ, олар үшін сатып алулар алдын ала біліктік іріктеумен қоса байқау әдісімен жүзеге асырылып, индустриялық сертификат сұралады.

«Бірінші кезекте Индустриялық сертификат отандық тауар өндірушінің мәртебесін растап, иесіне бірқатар артықшылықтар береді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қатыса алу; «Самұрық-Қазына» холдингінің  тауар өндірушілер тізіліміне қосу; сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының алдын ала біліктілік іріктеуінде жиналған баллға 20% есептеледі», – деді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Шыңғыс Темір.

Ережелер және индустриялық сертификатты беру процедурасы туралы толық ақпаратты «Атамекен» ҚР ҰКП сайтынан алуға немесе Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасына мына мекенжай бойынша хабараласуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, «Гринвич» БО, 2-қабат, тел: 8 (716 2 722-546)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер