astana-view

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер әйелдерге арналған тегін семинар өтеді

2019 жылғы 15 Шілде
4056 просмотров

«Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тегін шеберлік сабағы Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палаиасының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан обылсында 16 шілдеде өтеді

Іс-шараның басты  мақсаты – Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және ауыл әйелдерінің экономикалық әлеуетін дамыту.

 Семинар шеңберінде ауыл қыз-келіншектері халықаралық ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік инвесторлармен бірге В2В форматында келіссөздер жүргізіп, оқу семинарларында кездесе алады.

 Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары:

  • ауылдық жерлерде қыз-келіншектердің әлеуметтік мәселелерін  шешу; 
  • шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарын талқылау;  
  • бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары 
  • ауылда бизнес-бастаманы жүзеге асыруға көмектесетін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары.

Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржы қолжетімділігі бойынша тиімді тренингтер күтеді:

  • бастапқы капиталды қайдан алуға болады; 
  • банктен несие немесе грантты қалай алуға болады; 
  • жеке кәсіпті қалай дамытып, өткізу нарықтарын қалай табуға болады.

Сіздерге: 

  • бизнес-жоспарды құру; 
  • әлеуетті клиенттерді табу;
  • жарнама құру және бизнесті интернет арқылы ілгерілету жолдарын үйретеді. 

Өтетін орны: Петропавл, Парковая көшесі 118, «Скиф» қонақүй кешені

 Семинарға қатысу үшін Петропавл қаласы, Абай көшесі 29 мекенжайында орналасқан Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан жазылуға болады.

 

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ұйымдастырған тегін шеберлік сабақтары елдің өңірлерінде өтеді. Семинарлар өту кестесі.

 Курс бағдарламасына екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдары – Азия даму институты/ Даму бағдарламасына қатысушыларының таныстырылымдары енген. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.

 Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер