astana-view

Визалық және көші-қон саласында кәсіпкерлерді қандай мәселелер алаңдатады?

2019 жылғы 15 Шілде
4113 просмотров

«Атамекен» алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҰКП  Төралқасы Туризм саласы комитетінің төрағасы Павел Казанцевтың төрағалығымен  визалық және көші-қон режимі мәселелері бойынша жиын өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Мәжениет және спорт министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және туристік қауымдастықтар мен туристік бизнес өкілдері қатысты

 Жиын барысында қатысушылар E-Visa – визалық және көші-қон режимі, ҚР келу бойынша визаларды беру және транзитті жолаушылар үшін 72-сағаттық визасыз режимі мәселелері талқылады.

 E-Visa жүйесі Қазақстанда биыл қаңтар айында іске қосылды. Бірақ техникалық олқылықтарға байланысты E-Visa жүйесі нақты 2019 жыл сәуір айында жұмыс істей бастады.

Электрондық виза беру бойынша  туристік бизнес көтеріп келе жатқан мәселе  шақыруларды онлдайн рәсімдеу, сонымен қатар E-Visa бойынша тәулік бойы ақпараттық сүйемелдеудің болуына қатысты.

 Әзірлеушінің мәліметтері бойынша жүйедегі негізгі олқылықтар алынып тасталды, ал берілген электронды визалардың көлемі шілде айының басына 4 639 бірлікті құрады (туристік – 4600, іскерлік – 39, емделуге – 0), осы ретте визалардың 70%-ын ҚХР азаматтарына рәсімделген. Берілетін визалардың өсу тенденциясы байқалуда. Бұдан бөлек электронды шақыруларды іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жеке және іскерлік мақсаттағы бірреттік шақыруларды жылдың аяғына қарай онлайн тапсырыс беруге болады. Туристік визаларға электронды шақыруларды рәсімдеу 2020 жылы қолжетімді болады.

 E-Visa мәселелерін талқылаудан соң жақын арада «электронды үкімет» 1414 бірыңғай анықтамалық қызметі негізінде электронды визаларды беру бойынша тәулік бойғы ақпараттық қолдау жүйесін (Call-орталық) құру,  E-Visa  шеңберінде шақыруларды рәсімдеу және беру қызметін автоматтандыру, E-Visa механизміне басқа өткізу пунктерін қосу мәселесін қарау және елдер тізбесін кеңейту туралы шешім қабылданды.

 Ары қарай нарық өкілдері ережелер бойынша Қазақстан әуежайына ұшып келіп виза алған туристерге орыс тілінде рәсімделген шақыру салдарынан ұшып кетуге тыйым салынатынын көтерді. ҚР заңнамасына сәйкес визалық шақыруларды қазақ тілі және орыс тілінде ғана рәсімдеу қарастырылған. ҚР Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құжаттарды ағылшын тілінде де рәсімдеу мүмкіндігін қарайды. Бұдан бөлек Сыртқы істер министрлігі егер кезекші консулдың болмаған жағдайында Сыртқы істер министрлігін тиісті шара қолдануы үшін  ақпараттандыру қажет болады.

ҚХР және Үндістан трназитті азаматтарына арналған 72-сағаттық визасыз режим мәселесіне қатысты кәсіпкерлер оны ұзарту қажеттігін айтты.

ҰКП өкілдері аталған мүмкіндіктің толық деңгейде қолданылмай келе жатқаны айтты (толық талдаумен мында танысуға болады).

Бұдан бөлек, 2018 жылы пилоттық жоба тым кеш 2019 жылдың аяғына дейін ұзартылды. Ал туристік бизнес өкілдері турларды келесі жылға қыркүйектен бастап сата бастайды.

 Өкілетті мемлекеттік органдар режим шеңберінде бұзушылықтар орын алғаннын жеткізді, көп жағдайда транзитті жолаушылар Қазақстанда шамадан тыс уақыт қалып жатыр.Туризм индустриясының ұлттық қауымдастығы ҚХР және Үндістан азаматтарына арналған транзитті визасыз режим шеңберінде туристтерді қабылдауды туропреторларға жүктеуді ұсынды. Осылайша тур операторлар туристер үшін жауап беріп, олардың ҚР аумағынан уақтылы кетуін қадағалайтын болады. Осы ретте Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандық туристер үшін ҚХР-ға визасыз транзитіне қатысты теңдік мәселесін шешу қажет.

 Режимнің 2018 және 2019 жылдары жұмыс істеуінің 6 ай қорытындысы бойынша салыстырмалы деректері.

 Шетелдік азаматтардың төлқұжаттарын қонақүйлерде тіркелу қызметі бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілі Т.Аманбаев осы жылдың аяғына дейін  «E-Hotel» жүйесі іске қосылатынын айтты. Осы жүйе арқылы шетелдік туристердің орналастыру орындарында көші-қон қызметіне бармай орталықтандырылған есебі жүргізіледі.

 Сондай-ақ жиын барысында туристік топтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуі – өткізу пункттерін модернизациялау және туристік автобустармен шекарадан өтудің басымдықтары талқыланды. Е.Қожағапановтың айтуынша

«Ресей Федерациясынан Щучинск-Бурабау шипажай аймағына туристік ағын биыл 2018 жылмен салыстырғанда айтырлықтай төмендеген, оған көп жағдайда шекерадағы кедергілер себеп болған».

 Осыған байланысты, мемлекеттік шекараны тездетіп өту мақсатында автомоблильді өткізу бекеттеріне модернизациялау мен қайта құру жасау қажет. Вице-министрдің айтуынша, аталған мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин сәйкес тапсырмаларды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктеген.

 Жиын соңында  Павел Казанцев аталған мәселелерді шешуде күштерді біріктіруге шақырды:

«Туристің Қазақстанға келу туралы шешімі бүгінгі күні көтерілген мәселелерге байланысты екенін түсінеміз. Мәселелер –  визаны рәсімдеу қиындығы, көші-қон режимі және өткізу бекеттеріндегі түйткілдермен байланысты. Осы олқылықтардың барлығын алып тастау және туристерге арналған процедураларды жеңілдетуде бірігіп жұмыс істеу қажет».

  Жоғарыда аталған мәселелер ҚР Сыртқы министрлігі, ҚР Ішкі министрлігі және ҚР ҰҚК, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҰКП және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бірлесіп құрған Жобалық кеңсе шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Электронды визаны (E-visa) беру механизмдерін енгізу бойынша жол картасы шеңберінде шешілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер