astana-view

«Бастау» жобасының тыңдаушысы Айжан Каркенова 6 жыл бойы жүк көлігін жүргізеді

2019 жылғы 16 Шілде
- Павлодар облысы
5992 просмотров

Қыздар нені армандайды? Жаңа көйлек немесе ыдыс жуу машинасын армандайды – деп жауап бересіздер. Бұл солай-ақ. Ал Железин ауданының тұрғыны жас кәсіпкер қыз Камаздың жаңа моделін армандайды екен

Железин ауданында 25 адам «Бастау» жобасының екінші легімен оқып шықты. Олардың әрқайсысы кәсіп бастауды көздеп отыр.

 «Барлық тыңдаушыларымыз арасында Айжан Каркенованы нәзік, бірақ мінезді, шымыр қыз деп айтуға болады. Ол жаңа көйлек, ыдыс жуу машинасын емес, Камаз көлігінің жаңа моделін тізгіндеуді арман етеді. 29 жас қыз жүк көлігін алты жыл бойы жүргізіп, жүк тасымалымен айналысады», – дейді «Бастау» жобасының бизнес-тренері Дәурен Мұқашев.

 «Бұл қыздың ісі емес» деген стереотиптермен Айжан күнделікті кездеседі. Егер қыз бала көлік жүргізсе ол міндетті түрде жеңіл, автомат-коробка автокөлігі болуы керек деген пікір қалыптасқан. Айжан Каркенова үлкен көліктерге деген қызығушылығы әкесінен берілген. Бала кезінде Айжан жүк көлігінде әкесімен бірге жүретін, ал 18 жасында ол жүргізушінің С категориясын алды. Қазіргі таңда техниканы білуде Айжан білікті. «Бастау» жобасымен оқып болған соң Айжан Каркенова қосымша техника – Камаз алуға қажетті қаражатқа құжаттарды тапсырып қойды.

 «Еңбекқор қызға сәттілік, көздеген мақсаттарға жетуді тілегім келеді», – деді Дәурен Мұқашев.

 «Бастау» жобасының тағы бір түлегі Ержан Қарамбаев. Оның жұмысы өте жауапты. Ыстық пен суыққа қарамастан ол ашық аспан астында жүреді. Ержан Қарамбаев мал бағумен айналысады.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына Ержан жылқы алу мақсатымен жүгінді. Шаруашылықты толықтыру үшін әрі мал бағуға көмек ретінде жылқы басын көбейтпек. Тыңдаушы кәсібін дамытпақ, мен оған үнемі ат үстінде болуды, яғни істерінің алға басуын тілеймін», – дейді бизнес-тренер.

Светлана Филиппова «Бастау» жобасымен оқу өтіп, бизнес-жоспарын қорғап шықты. Жоба – ұялы телефондардың аксессуарларын сатуға жабдық алуды көздейді. Қазіргі таңда ауыл тұрғыны аудандық автовокзалда орынжайды жалдап отыр, келешекте бизнесті кеңейтпек жоспар бар.

 «Сұлулық индустриясы ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек», – дейді Железин ауданының тұрғыны «Бастау» жобасының түлегі Алена Богусевич. 

Жас кәсіпкер маникюр саласы бойынша жобасын қорғап алды. Енді ол қызметінде педикюрді қоса алып, жеке жұмыс орнын ашпақ.

Азат Бектұров  «Бастау» жобасының 2018 жылғы түлегі. Жігіт ағасы «балық аулайтын құралдарды дайындау» тақырыбында жобасын қорғап, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен мемлекеттік гранттың иесі атанды. Жас кәсіпкер балық аулаға қажетті заттардың сауда нүктесін ашты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер